Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кітапхана кітаптармен киелі

Кітапхана кітаптармен киелі


Кітап – ол адамның жан дүниесінің рухани азығы. Кітапхана – кітаптың шоғырланған мекені. Сол жерден өткеніңді білетін, түрлі жайттардан ғибрат алатын, мұхиттың түпсіз тереңінен сүзіп алған лағыл тастардай қымбат дүниелерді қалдырған мұраларды табасың. Сондай бір кітап қоры 1600-ден асатын, қай кезде барсаң да орындықтары оқырмандарға толы, іс-шара өтуден босамайтын Алғабас ауылындағы кітапхананың ішіне кірсең бір керемет әлемге енгендейсің. Кезең-кезеңге бөле отырып кітаптарды жинақтау, іздеген кітабыңды бірден тауып алуға қиындық тудырмайды.
Мұнда әрбір атаулы күндер, ақын-жазушылардың туған күндері, әр саладағы ардагерлермен кездесу өткізуді жоспарлы түрде жүргізуді мақсат еткен кітапханашы Ұлдана Қасқабаева жуырда жерлесіміз ақиық ақын Ә.Тәжібаевтің туғанынан 110 жыл толуына орай, оқырмандар сайысын өткізді. Ақынның өлеңдерін оқудан, оны жатқа айтудан мектеп оқушыларының арасында 5 сынып оқушылары Нұрзат Пірмахан, Заңғар Ерболат, Рахман Шайзаттар үздіктер атанды. Әртүрлі тақырыптарда, әсіресе, қазақтың ұлттық салт-дәстүрін, киімін насихаттауда «Кітапханадағы қазақтың ұлттық киімдері» жайлы өткен сайыс үлкенге де, кішіге де үлкен қызығушылық танытты.
Ұлттық киімдер, оның ішінде шашбау, білезік, жүзік, үкілеген бас киімдер, қос етек көйлек, қынама қамзолдар киген қыздар, қолдарында қамшы, аяқтарында саптама етік киіп шыққан ұлдардың көз тартарлық көріністері көпшіліктің ризашылығына бөленді. Соның ішінде кітапхананың тұрақты оқырмандары ерекше үлгідегі киімімен оқшауланған Ақтыныс, Айзат Кәденовалар бәрімізді таңқалдырды. Оқырмандардың ордасы кітапханадағы қарбалас шақтарға қарап кітапқа деген қызығушылық, өмірге деген жаңа көзқарас, жастарымыздың ой-өрісінің дамуына апарар даңғыл жол екені сөзсіз.
Қазақтың ұлы ақыны Абай, жазушылар Мұхтар, Сәбит, Бейімбет, Сәкен сынды ірі тұлғалар қалдырған мұралар осы кітапта. Олар сөздің мәрмәрін, жырдың жауһарын шығармаларына өзек еткен. Оларды оқу арқылы халқымыздың салт дәстүрлерін, өткеніміздің көрген қиыншылықтары мен ел болып қалыптасудағы мұрат-мақсаттарына қанығасың. Өткенді білу жаңаны жасаудың бірден бір жолы. Білімнің таза бұлағынан су ішкің келсе, кітап оқы.

Айжамал Әбдіхамитқызы,
ардагер ұстаз.
25 мамыр 2019 ж. 917 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930