Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Парижде Иран мәселесі талқыланды

Парижде Иран мәселесі талқыланды

«Иранмен қарым-қатынасты шиеленістіру қақтығыстқа әкелуі мүмкін». Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесу кезінде мәлімдеді. Сондықтан ядролық келісім төңірегіндегі мәселені ушықтырмай, ахуалды тұрақтандыруға шақырды. Макрон Тегеранның уранды байыту туралы мәлімдемесі ядролық келісімді тоқтатуға негіз емес екенін атап өтті. Оның ойынша, Иран бұл арқылы құжатқа қол қойған елдердің біржақты бас тартуының салдарын түсіндірмек болған. Еске сала кетейік, кеше Иран Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке уранды байытуды қайта қолға алатынын жеткізді. Бірақ оның мөлшері 2015 жылы қабылданған келісім негізінде болмақ. Халықаралық агенттік те мұның шартқа қайшы емес екенін мәлімдеді. Эммануэль Макрон, Франция президенті: - Кейбір елдердің бұл келісім аздық етеді деп келетін пікірімен келісемін. Бірақ бұл оған дейін болған шарттарға қарағанда әлдеқайда жақсы. Мен Тегеранның уранды байыту туралы мәлімдемесін естідім. Оны әртүрлі тұрғыдан қарауға болады. Бірақ егер бір мемлекет келісімнен бас тартып жатса, келесі тараптан оны орындауды талап ете алмайсың.

24.kz
06 маусым 2018 ж. 1 059 0