Ұстаз есімі ұлықталды
Жұма күні Көкшоқы мөлтек ауданындағы спорт кешенінде
Жапбар Айтжановты еске алуға арналған аудандық білім бөлімі қызметкерлері арасында волейболдан өңірлік турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Жапбар Айтжановты еске алуға арналған аудандық білім бөлімі қызметкерлері арасында волейболдан өңірлік турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Турнирге аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Нәйла Палымбет, зиялы қауым өкілдері, білім саласының қызметкерлері қатысты.
Тоспа доп бәсекесінде сөз алған аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Н.Палымбет, марқұмның ерен еңбегін айтып, елеулі қызметтеріне тоқталып, оның кейінгі толқынға қалдырған өнегесі мен ғибратты ғұмырын сөз етіп, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ия, бүгінгі таңда Жаппар Айтжановтың тәрбиесін көрген шәкірттері ауданның әлеуметтік-экономикалықғмәдени-рухани саласында түрлі қызметтер атқаруда. «Волейбол ойынының жыл сайын жандануына, осындай турнирдің өтуіне негіз болған Жаппар ағайдың әлі күнге дейін ықпалы ерекше» деп еске алады көзі көрген жандар. Себебі Ж.Айтжановпен дәмдес, әріптес болған жандар жылда осылайша бас қосып, еске алу турнирін ұйымдастырып тұрады.
Иә, «Ұстаз – шәкіртімен мың жасайды» демекші, ауданда спорттың дамуына өзіндік үлес қосқан ардақты азаматтың есімі ел есінде мәңгі сақталады.
Дархан ҒАЛЫМЖАНҰЛЫ