
ҚОЛДАН ШЫҚҚАН ҚҰНДЫЛЫҚ
Еңбекші ауылындағы мәдениет үйіне күн еңкейе берген шақта кірсеңіз, бір бөлменің шамы әлі сөнбейді. Терезеден түскен бозғылт жарық пен ішкі жарықтың астында жіп иіріліп, ине қозғалып жатады. Әрине, бұл жай ғана үйірме емес, үнсіз еңбек пен ұлттық рух тоғысқан қасиетті кеңістік. Кешегі аналардың сарқытындай...







