Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үлгілі ауыл – Еңбекші

Үлгілі ауыл – Еңбекші


Көктем мезгілінің келуімен бірге мерекелік шаралар толастар емес. «Қуанышты бөліссең көбейеді» деген саналы сөз санамызда сайрап тұрғандықтан да болар, бізге жеткен қуанышпен өздеріңізбен бөліскенді жөн санадық. Аймақта алғаш рет өткізіліп тұрған «Үлгілі ауыл» конкурсынан аудандағы тіректі ауылдардың бірі Еңбекші ауылы байқаудың ынталандыру сыйлығымен марапатталды.

Қызылорда қаласында қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерін шешуге жұртшылықтың жан-жақты қатысуын қамтамасыз ету мақсатында және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының «Туған жер» бағыты аясында аймақ басшысының бастамасымен «Үлгілі ауыл» конкурсы ұйымдастырылды. Конкурсқа облыс бойынша 13 елді мекен қатысты.
– Жеңімпаз атанған ауылдар сыйақының 80 процентін көгалдандыру, абаттандыру, инфрақұрылымды дамыту шараларына, қалған бөлігін мектеп, балабақша, клуб, амбулатория секілді әлеуметтік нысандардың қажеттіліктеріне бағыттауы тиіс. Конкурс жыл сайын ұйымдастырылады, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Арнайы комиссия конкурсқа қатысушы ауылдың жұмыстарын бағалау барысында көгалдандыру, абаттандыру шаралары мен санитарлық тазалықтың жай-күйін назарға алды. Сонымен қатар, әр аймақ халық арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, тұрғындарды спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында ұйымдастырылған облыстық байқаудың 2018 жылғы қорытындысы бойынша жарияланды.

М.ҚҰРМАНҒАЛИЕВА.

12 наурыз 2019 ж. 2 169 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (9452)

10 қараша 2026 ж.

№84 (9451).

07 қараша 2026 ж.

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30