Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » теріскейдің тазалығы толғандырды

теріскейдің тазалығы толғандырды


«Көрмейін десем, көзім бар, Сүймейін десем, сезім бар» де-
ген бір керемет әннің жолдары естеріңізде ме? Қандай ән еді
өзі? А, иә есімізге түсті. Сезімге толы лирикалық ән. Керім
әнші ақбота Керімбекованың орындауындағы ән ғой.И ә , қ а н д а й к е р е м е т ж о л д а р .
Бірақ, бұл жерде біз осы қатарларды
«Көрмейін десем, көзім бар, айтпайын
десем, аузым бар» деп ауыстырғымыз
келеді. Әрине, тақырыбымызға орай.
Біз тарқатқалы отырған тақырып,
тазалықты қаузамақ. Өмірлік маңызды
әңгіме десек, артықтық ете қоймас.
«Тазалық табалдырықтан баста-
лады» дейді халқымыз. Тұрғылықты
жерді ретке келтіріп, ұқыпты ұстау
санитарлық талап қана емес, мәдениет
пен талғамның белгісі. Қоршаған орта-
ны таза ұстауға әрбір мекеме, тіпті, же-
келеген тұрғындар да жауапты. Деген-
мен, өз ауласының ішкі жинақылығымен
ғана шектелетіндер бар. Сондықтан
болса керек, көбіне кенттің шеткері
аумақтары назардан тыс қалып жа-
тады. Ал, аудан орталығына сырт-
т а н к е л г е н қ о н а қ т а р д ы ң к ө з і н е
түсетін сол аймақтар. Яғни, былайғы
жұртшылық кіреберістегі көрініске
қарап-ақ, шаһардың даму қарқыны
мен халқының мәдениетіне баға береді.
Кент келбеті тек сәнді де сәулетті
үйлермен архитектуралық бейнелер-
мен ғана өлшенбейді. Күн сайын аумағы
кеңейіп, көркейіп келе жатқан Шиелі
ауданының ажары оның тазалығына да
байланысты. Тұрғылықты мекеніңіздің
таза, әдемі әрі жасыл желекке оранып
тұруы әрбір адамның сүйіспеншілігі мен
жанашырлығын қажет етеді. Сондықтан,
тазалық мәселесі алдыңғы орында.
Әңгімеміздің әлқиссасы кенттің
теріскейінің тазалығы жайында болмақ.
Расында да, тоғыз жолдың торабында
жатқан өңірімізге келіп-кететіндер көп-
ақ. Соның ішінде Шиеліні қиып өтетін
теміржолдың да стратегиялық маңызы
зор. Алайда, бүгінде сол теміржолдың
біз көрген тұсындағы тазалық көңіл
көншітпей отыр.

Ясауй көшесінің бойында орналасқан
«Береке» май құю бекетінің тұсынан
теміржол арқылы теріскейге өткенімізде
көзіміз куә болған қоқыстың ішінде не
жоқ десеңізші? Күнделікті тұрмыстық
қалдықтар, ит-мысықтың өлекселері,
қ и - т е з е к , қ ұ р ы л ы с з а т т а р ы н ы ң
қалдықтары, бәр-бәрі «баршылық»
екен дерсіз. Тұрмыстық қалдықтар
жыртылған қаптардан төгіліп, шашы-
лып жатыр. Малдың тезегі де «мен-
мұндалайды». Қаңғыбас иттер бол-
са, қоқыс салған қалталарды тесіп,
тұмсығымен тіміскілеп, азық іздеп жүр.
Қолқаны қапқан иістен тынысымыз та-
рылып, жүз метрдей жерге әрең жеттік-
ау. Ал, жергілікті тұрғындар амалсыздың
әрекеті ме, әлде үйренісіп қалған ба,
емін-еркін, асығып-аптықпай, жай ба-
сып, аяңдап сол ойдан бірі әрі өтеді, бірі
бері өтеді. Жүздерінен қоқыс иісі мен
көрінісінен жабырқаған жанды көрмедік.
Бұл көріністер тұрғындардың тазалыққа
қаншалықты мән беретінін көрсетсе
керек. Дәл осы тұста ғимараттың
қалдығы, яғни, қабырғалары да ол
жердің сұрықсыздығын арттырғандай.
Қанша уақыттан бері бос жатқан
бұл «қабырғалардың қалдығы» кеш
батқанда қорқыныш алаңына айналар-
дай көрінді бізге.
М ұ н а н ә р і ж ү р і п , М а ғ ж а н
Жұмабаев көшесінде ілгерідегі «По-
требсоюз» дүкенінің иесіз, қаңырап
қалған ғимараты да жоғарыда айтып
өткеніміздей, пайдаға аспай тұрған
жайы бар. Тұрғындардың айтуын-
ша, бұл «дүкеннің» артқы жағы да
қоқыстан көз ашпайтын көрінеді. Тек
соңғы 4-5 күн бұрын осы маңай жылан
жалағандай жинастырылыпты.
Бұл жерде жауапкершілік пен
мәдениет үлкен рөл атқаратындай
көрінді бізге. Егер сол жерлерде
көше, жарық, су, болмаса өзге де
коммуналдық қызметтің ауылынан алыс
бір жағдай болса, тұрғындар бірлесе
жүріп бұл мәселенің түйінін тарқатқан
болар еді. Нақ осы жағдайда да неге,
солай қолға алып, айналаны таза
ұстауға тырыспасқа?! Қоршаған орта
мен экологиялық тазалық – тұрғындар
үшін аса қажетті құндылықтардың бірі
екенін неге үнемі құзырлы орындар
еске салып, айлық жариялап, шара-
лар атқаруы тиіс?! Әлде тиісті меке-
мелер тарапынан басына «Бұл жерге
қоқыс төгуге тыйым салынады» деген
белгі қойылып, айыппұл салынып, бұл
іске бақылау жасалмаған соң еркінси
ме екен?
Жалпы, тазалық үшін аудан әкімдігі
тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар
жоқ емес. Жаңартылған аяқ жолдар,
абаттандырылған аулалар, соңғы кез-
дерде қолданысқа берілген сквер-
лер кенттің келбетін ажарландырып,
тұрғындардың игілігіне жұмыс жа-
сауда. Бірақ, тоқмейілсуге әлі ерте
сияқты. Айтпақшы, осы тұста айта
кетейік. Аудан әкімі Ә.Оразбекұлының
3 қыркүйектегі өкімімен 8 қыркүйек
пен 10 қараша аралығы аудан елді-
мекендерінде күзгі санитарлық тазарту
және көркейту екі айлығын жариялады.
Осынау шараға ел болып атсалысып,
тазалыққа табандылық танытқанымыз
маңызды. Ең болмағанда тазалап кеткен
аумақтарға қоқыс тастамай, үлесімізді
қосайық.
Адамзаттың асылы Мұхаммед (с.а.у)
Пайғамбарымыздың бір хадисінде
«Алла Тағала таза әрі тазалықты
сүйеді» делінген. Ендеше, ауламыз-
ды, айналамызды, көшемізді таза
ұстаумен қоса, біз өзіміздің, бала-
шағамыздың денсаулығының дұрыс бо-
луына жағдай жасайтынымызды естен
шығармайықшы. Қоғам үшін пайдасы
зор осынау істі баршамыз борышым деп
санайықшы.
P.S. Теріскейдің тазалығын та-
разылау бір мақаланың маңайында
ғана бітпейтінін айтқымыз келеді.
Келесі жолы қаламымыз қай
тұстың қоқысын тереді екен?
Дина ЖҮСІП ОВА .
08 қыркүйек 2018 ж. 2 039 0