Байтұрсынов көшесіндегі басс ыздық: Ұлт ағартушысына жасалған қиянат
Сүйікті кентіміз Ши елінің
көркі, келбеті, абаттандырылуы,
көгалдандырылуы, тазалығы мен
безендірілуі – жалпы архи тектура-
сы баршамызды ойландыруы тиіс. Ол
тек қана әкімдіктің, аудандық ішкі
саясаттың, кент әкімдігінің, аудандық
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
мен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы
аудандық филиалының жұмысы
десеңіздер, мүлдем қателесесіздер.
Мұның бәрі – аудан халқының жеткен жетістіктері,
олардың мақтанышына айналған ортақ мүддесі. Соғылып
жатқан үй, ғимараттар жеке болғанмен, оны бақылап,
қадағалайтын жергілікті атқарушы органдар. ҚР «Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы кодексі», ҚР «Жарнама туралы»
заңнамасы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы – «Әділет»
АҚЖ (ақпараттық құқық жүйесі) заңсыздыққа жол бермеу-
ге бағыт-бағдар көрсететін нормативтік актілер десек бола-
ды. Кім болсын заңды құрметтеп, оны бұлжытпай орындауға
дағдыланғаны жөн. Кодекстің 729-бабының екінші бөлігінде
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және
әкімшілік жазалар қолдануға ауданның әкімі мен орынбасар-
лары құқылы» деп көрсетілген. Сондай-ақ, 455-бапта ҚР жар-
нама туралы заңнамасын бұзу – біріншіден, ҚР заңдарымен
жарнамалауға тыйым салынған тауарлардың (жұмыстар
мен көрсетілетін қызметкердің) жарнамасын шығарып та-
рату, орналастыру және пайдалану – жеке тұлғаларға – 50
(елу), лауазымды адамдарға – 70 (жетпіс), шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 100
(бір жүз), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 (бір жүз елу),
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 400 (төрт жүз) айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Екіншіден,
ҚР заңдарында жарнаманы тарату – «тілдер» не белгіленген
талаптарды бұзу – жеке адамдарға – 20 (жиырма), лауазым-
ды тұлғаларға – 70 (жетпіс), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 100 (бір жүз), орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 (бір жүз елу), ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне – 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады екен. Үшіншіден,
бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған
сол әрекет – жеке тұлғаларға – 70 (жетпіс), лауазымды
тұлғаларға – 100 (бір жүз), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 150 (бір жүз елу),
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 (екі жүз), ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне – 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға мәжбүр етеді. Төртіншіден, осы
баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген,
әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап
жасалған әрекеттер – жеке тұлғаларға – 150 (бір жүз елу), ла-
уазымды тұлғаларға – 170 (бір жүз жетпіс), шағын кәсіпкерлік
субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 200
(екі жүз), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 300 (үш жүз), ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне – 600 (алты жүз) айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу қаралған. Осы күнге
дейін біз халықтың жағдайына, көңіл-күйлеріне қарай,
кәсіпкерлік жылына байланысты, тек ескертулермен шектелу-
мен келеміз. Дегенде әр нәрсенің шегі болады емес пе? Оның
үстіне үстіміздегі күрең күзде Шиелі ауданына 90 жыл тола-
ды. Торқалы тойға жақсы істермен, әдемілікпен, тазалықпен
бару – бәріміздің міндетіміз, борышымыз болса керек. Осы жер-
де кент тұрғындарының көкейінде тұрған, көмейіне тығылған,
айта алмай жүрген пәлсафасы – бізге де ой салды. Біз ешкімнің
жеке мүлкіне, жеріне, соққан құрылысына көз тігіп, қол сала
алмаймыз. Мүмкін оны айтуға да құқығымыз жоқ шығар. Бірақ,
Шиелінің қақ ортасында көзге қораш көрініп, әсем салынған
«Береке» сауда орталығының Байтұрсынов көшесі жақ бетін
түгел жауып, құрылыс әлеміндегі «қызыл сызықты» да еле-
меген, сәнді ғимараттың көрікті архитектурасына «көлеңке»
түсіріп отырған кім екен деген таңданыста болдық. Аудандық
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Гүлназ
Достиярова екеуміз кент ішіндегі қазақ тілінің және жарна-
ма заңдылықтарының сақталуына рейд жасаған болатынбыз.
Арнайы рейдтерден бірен-саран қорытынды шығарылып та
жатыр. Мысалы, осы А.Байтұрсынов көшесіндегі «Горбачев»
деген азық-түлік дүкенінің үй иелерімен сөйлесу арқылы аты
өзгертілді. Қызыл бояумен, үлкен әріптермен жазылған КПСС
Орталық комитетінің Бас секретары болған С.Горбачевтың
аты дүкенге неге керек бола қалды екен? Иә, А.Байтұрсынов
көшесі арқылы да елге келген қонақтар кент орталығына ба-
рады. Көше бойымен
жүргенде мына жайттарды аңғардық.
Үйдің көше жақ бетіне «Продается 160 кв.м. 87028705914» деп
жазылып, есік пен терезеге «Арендаға беріледі» деп жапсыра
беріпті. Енді, бұл жарасымды ма? Сондықтан, әр көшеге неме-
се орталықтан жарнама тақталарын жасақтаса, жұрт тәртіпке
түсер еді, мәдениетті болар еді. Көшеде «Букмекерская кон-
тора» деген жазу да тек орыс тілінде ілінген. Тұрмыстық тех-
ника дүкені «Қыпшақтың» ш әрпі түсіп қапты деп те біз ай-
туымыз керек пе? Көшедегі А деп талтайып тұрған бағанаға
аты-жөні жоқ электросварка, желімдеу, автогаз деген жар-
намалар ілінген, көше сәнін кетіріп-ақ тұр. Одан бері белгілі
кәсіпкердің «А...то көлік жуу орны» в әрпінсіз тұр. Сосын
«ELEVEN club FPS4»-ті көрдік. Одан кейін, кәдімгі «Разливное
пиво на вынос» деген жазу өзгермейтін секілді. Өткен рейдте
жазған «TBILISI» ресторан грузинской кухни», сондай-ақ, ай-
налдыра бірыңғай орыс тілінде жазылған жарнамалар «Бере-
ке» сауда орталығының да берекесін қашырып, қазақ тілінің
атасы Ахмет Байтұрсынов атындағы көшенің де мазасын
алып тұрғандай. Сауда-сауда деп ана тілімізге деген құрметті
де ұмытпайық, кәсіпкер бауырлар. Заң бәрімізге бірдей. Со-
нымен қатар, Т.Рысқұлов көшесіндегі «Ням-ням» кафесі де
атын өзгертер түрі жоқ. Бұл қазақтарға өз тілдерінен шо-
шып, не болған? «Ду-дук» кафесі атын өзгертіпті, бірақ «Ал-
маздан» басқа ат таппапты. «Арзан» сауда орталығының
директоры тәп-тәуір жігіт-ақ. Бірақ, жаңалық ашуға құмар.
«Мен сені сүйемін, Шиелі» деген сөйлемді, «Я» – орысша,
«Сені сүйемін» – ағылшынша, «Шиеліні» – қазақша баттитып
тұрып жазып қойыпты. Үштілдікті меңзеген шығар. Деген-
де, қазақ жігіттерінің бұлай патриот болуы – сырттай күлкілі.
Азаматтың ана тіліне деген құрметі осы болса, не шара, не
дейміз? Ол сонда да «Тіл туралы» заңды бұзып тұрғанын,
мемлекеттік тілдің мәртебесін білмегені, сезбегені ме? Абы-
лайхан көшесінде де кіл қазақтар тұрады. Бірімен-бірі жа-
рысып, көшені орысша жарнамаларға толтырды. Оны кім
үшін жазып жатқандарын өздері де түсінбейді. Тіл заңына
бағынып, алдымен мемлекеттік тілде жазып қойса, ештеңе
де болмас еді. Неге екенін білмейсің, өздері білмесе де,
өзге тілде хабарлама, жарнама жасауға қазекемдер құмар-
ақ. Сондай-ақ, әріптері түсіп қалған, Яссауи көшесіндегі
аркадағы ұран сөздердің көмескілене бастаған, олар да
жаңалауды қажет етіп тұрғандай. Теміржол маңындағы «Кафе
на вокзале» де шіміркіместен әлі тұр. М.Шоқай көшесіндегі
«Риза» балабақшасының меңгерушілері мемлекеттік тілдің
заңдылығын білмейді деуге аузың бармайды. Әйтпесе,
мекемесінің атын сол жаққа қазақша, оң жаққа орысша
ілер еді ғой! Қателесті ме екен? Біз көзбен көргендерімізді,
көшелердегі қораш кемшіліктерді, өз ана тілімізге, мемлекеттік
тілімізге деген жанашырлықтың деңгейін, жауапкершіліктің
жоқтығын, кентіміздегі ретсіздіктерді қағаз бетіне түсірдік.
Өткенде, жазғанымыздай «сын түзелмей, мін түзелмейтіні»
белгілі. Бүгінгі рейдте, соны айғақтай түскендей.
Өркен Исмаил,
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Шиелі
аудандық филиалының төрағасы.