Шанхайдағы халықаралық семинар: ғылым мен инновацияға жаңа көзқарас
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің өкілдері Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында өтіп жатқан халықаралық семинарға қатысып, ғылыми-технологиялық даму мен инновациялық кәсіпкерліктің заманауи бағыттары бойынша тәжірибе алмасуда. Семинардың алғашқы аптасы мазмұнды дәрістерге, кәсіби кездесулер мен тәжірибелік пікір алмасуларға толы болды.

«Дамушы елдер үшін ғылыми-технологиялық инновациялар және кәсіпкерлік» тақырыбындағы халықаралық семинар қатысушыларға ғылым мен технологияны дамытудағы жаңа тәсілдерді жан-жақты зерделеуге мүмкіндік берді. Бағдарлама барысында инновациялық экожүйені қалыптастыру, кәсіпкерлікті қолдау тетіктері, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу және аталған салаларды құқықтық реттеу мәселелері қамтылды.
Семинар аясында қазақстандық делегация Қытайдың ғылыми-технологиялық әлеуетін арттыру, инновациялық жобаларды қолдау және кәсіпкерлік ортаны дамыту бағытындағы озық тәжірибесімен танысуда. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтар қатысушылардың кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, жаңа идеялар мен тың көзқарастар қалыптастыруға жол ашты.
Халықаралық алаңдағы кездесулер түрлі елдердің мамандары арасында тәжірибе бөлісуге, кәсіби байланыстар орнатуға және алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылауға жағдай жасауда. Мұндай басқосулар университеттің халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейтіп, білім мен ғылым саласындағы серіктестік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.
Халықаралық семинарға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Тіркеуші офисі, «Инжинирингтік технологиялар», «Аграрлық технологиялар», «Құқықтану» білім беру бағдарламалары мен Рекрутинг бөлімінің өкілдері қатысуда.
Алғашқы аптаның қорытындысы семинардың университет мамандары үшін жаңа білім мен тәжірибе жинақтауға, халықаралық кәсіби ортаның заманауи үрдістерімен танысуға және ғылыми-инновациялық бастамаларды дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналғанын көрсетті.