Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ пен неміс ғалымдары тың бастаманы қолға алды

Қазақ пен неміс ғалымдары тың бастаманы қолға алды



Қорқыт Ата атындағы ҚМУ мен Германияның Тюбинг университетінің ұйымдастыруымен «Ұлы Жібек жолының» солтүстік аймағындағы көшпенділер мемлекетінің қалыптасуы және урбанизациялануы: Ерте орта ғасырдағы Жанкент қаласы атты халықаралық далалық семинар өтті. 
Халықаралық жоба аясында ғалымда Қазалы ауданындағы Жанкет қалашығында болып,  далалық урбанизация, көшпелі мемлекеттер және Арал теңізінің шығыс аймағындағы шөлейттену жағдайы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар Арал теңізінің шығысындағы көшпелілерді мемлекеттік қалыптастыру контексінде сауда белгілерінің өзгеруіне жауап ретінде ерте ортағасырлық қаланың шығу көздерін қарастырды. Сырдың төменгі ағысы бойындағы қалалық өркениеттің қалыптасуы мен дамуы және осы мәселелермен айналысатын мамандарды дайындау ісі талқыланды. 
Өзекті де маңызды мәселені арқау еткен семинарға Германияның Тюбенген, Ресейдің Н.Н. Михлуко-Маклай атындағы Этнология және антропология  және  Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығы ғалымдары қатысты. 
Аталмыш шара Орталық Азия үшін шығыс және батыс пікірсайыстарын байланыстыратын теориялық тұрғыдан бірегей жоба. Шара негізінен аймақ үшін оның пәнаралық геоархеологиялық әдіснамасын қолдануға және халықаралық ынтымақтастық арқылы осы тәсілде дамытуға арналған.
Алдағы уақытта халықаралық ғылыми байланыстарды дамыту үшін «Жанкент қалашығының құрылыс материалдары және керамикалық кешені» тақырыптарында мамандар дайындалады. Осыған орай, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Археология және этнография» ғылыми зерттеу орталығынан екі ғылыми қызметкері Тюбинген университетінің докторантурасында білім алады. Биыл бастау алып жатқан бұл бастама 2020 жылға дейін жалғасын табады. Сонымен қатар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Археология және этнография» ғылыми зерттеу орталығының ғылыми әлеуетін көтеру мақсатында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылмақ. 
Далалық семинар 14 қыркүйек күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарйында дөңгелек столда қорытындыланады. Оны Германияның (DFG) неміс гуманитарлық зерттеулер қоры қаржыландырады. Шарада ғалымдар өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салады. 
Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы
 
13 қыркүйек 2018 ж. 1 923 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930