Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ ТАРИХИ АҒЫМЫНДАҒЫ АРАЛ ТЕҢІЗІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

«ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ ТАРИХИ АҒЫМЫНДАҒЫ АРАЛ ТЕҢІЗІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Image Caption

Қызылорда облысының әкімдігі, 2018 жылғы 24 мамырда Қызылорда қаласында Халықаралық Аралды құтқару Қорының Қазақстан Республикасындағы Атқарушы дирекциясы Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамымен (GIZ), Орталық Азияның Аймақтық экологиялық Орталығы (ОААЭО) және АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі Агенттігімен (ЮСАИД) бірлесіп «Қазіргі заман тарихы ағымындағы Арал теңізі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. 
Конференцияның мақсаты - Арал теңізі бассейнінің өзекті мәселелеріне әлемдік қоғамдастықтың назарын аудару және Орталық Азиядағы табиғи және су шаруашылығы құрылымдарының қазіргі жағдайын терең зерттеу.
Халықаралық конференцияда экспедицияға қатысушылар, ғалымдар, жоғары оқу орындары  мен  ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер және  Орталық Азия мен  Ауғанстан елдерінің су шаруашылығы салаларының қызметкерлері, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының өкілдері белсенді жұмыс жасады.
25 мамыр 2018 ж. 1 250 0