ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Экономика және басқару» білім беру бағдарламасының студенттері № 1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қарттарға арналған «Қарттарым — асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Шараның ашылуында № 1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшысы Раушан Жәдігерқызы мен «Экономика және басқару» білім беру бағдарламасының жетекшісі Меруерт Әбдуәліқызы қарттарды мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Мерекелік шара барысында студенттер қарттарға ән мен жырдан шашу шашып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ білім алушылар түрлі қызықты ойындар ұйымдастырып, белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар табыстады.
Аға буынға құрмет көрсетіп, қазыналы қарттарға көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылған шара жылы жүздесуге ұласып, өзара сыйластық пен мейірімділікті арттыра түсті.