Қариялы ел – қазыналы ел!
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 29 қыркүйек күні 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мен Қызылорда облысының 85 жылдық мерейтойы аясында «Қариялы ел – қазыналы ел» атты іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында орталықтың 1-қабатында облыстық мұражайдың ұйымдастыруымен мерекеге сай тарихи жәдігерлер қойылған көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар сегіз қанатты қара үй ішіндегі қызмет алушылардың Қызылорда облысының 85 жылдығына арнайы жасалған қолөнер бұйымдары ұсынылды.
Мерекелік концерттік бағдарлама А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі жанынан құрылған «Ұлағат» ата – әжелер ансамблінің орындауындағы «Қазақтай ел қайда?» әнімен басталып, облыстық филармония өнерпаздарының мерекелік ән шашуларымен жалғасын тапты.
Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары М.Шермағанбет қатысып, қазыналы қарияларымыз бен көпшілік қауымды маңызды мерекемен құттықтап, орталыққа естелік сыйлығын табыстады.
Концерттік бағдарламада облыстық филармония өнерпаздары мерекелік ән шашуларын тарту етіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Салтанатты шараға Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғ.Жаңабаев, орталық ардагерлері мен қызметкерлері, демеушілер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері орталықтың қызмет алушылары мерекелік іс-шараны тамашалады.
Орталықтың аумағында ұйымдастырылған «Алтын күз-2023» жәрмеңкесінде күзгі науқан молшылығынан көрініс тапқан азық – түлік өнімдері таныстырылып, келген қонақтарға «Бауырсақ пати» ұйымдастырылып, ыстық бауырсақтар таратылды.
Шара соңында «Дәулет Азия» ЖШС демеушілігімен орталық қызмет алушыларына сый-сияпаттар табысталды.