Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік сала қызметкерлерінің асуы

Әлеуметтік сала қызметкерлерінің асуы


Үстіміздегі жылдың 26 қазанында Астана қаласында Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Онда республикалық «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Әлеуметтік саланың ауыртпалығын арқалап, түрлі топтағы адамдармен жұмыс жасайтын қызметкерлердің еңбегі өлшеусіз. Жуырда ғана Елорда төрінде өткен байқауда Қызылорда облысынан қатысқан үміткерлер үш бірдей номинацияны иеленіп, абыройымыз асқақтай түсті. Өз саласының білікті мамандары облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме директорының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Гүлмира Кенжебаева «Әлеуметтік саладағы үздік менеджер-ұйымдастырушы» номинациясын қанжығаласа, «Үздік медициналық-әлеуметтік мекеме» номинациясы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Айгүл Шамшатоваға бұйырды. Ал, «Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Әбдімәлік Айтимов «Үздік мемлекеттік еңбек инспекторы» атанды.

Гүлнәр Дүйсебай.
03 қараша 2018 ж. 3 580 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930