Қарттарға құрмет көрсетілді
1 қазан – Қариялар күні қарсаңында Бәйтерек ауылының әкімдігі мен мәдениет үйі бірлесіп «Қазыналы қарттарым» атты іс-шара өткізіп, қарттар мен ардагерлерге айтарлықтай құрмет көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлады. Аталған іс-шараны аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Исмайл, сот саласының ардагері Т.Баймғанбетов, депутат Ә.Алдияров және ауылдағы қариялар тамашалады.
Алаштың айтулы ақыны М.Мақатаевтың «Мен қарапайым қарттарды сүйемін» деуінде де терең бір сырдың қайнары жатса керек. Қарты бар елдің қазынасы сарқылмақ емес. Қазақ үшін қай заманнан бері құрметтің де, сый-сияпаттың да қомақтысы – кешегі ата-ана, бүгінгі қарияларға арналған. Ел ішінде ертеден келе жатқан үлкенді сыйлау үрдісінің бұзылмай бүгінге жеткені дәстүр сабақтастығы емей не?! Оның өзі – осы қарапайым қарттардан қалған жоралғы. Ауылдық мәдениет үйіне бас сұққанымызда мерекелік кешке жиналған қазына қарттар бір-бірінің қолын алысып, шұрқырасуда. Салтанатты кештің ашылуында ауыл әкімінің міндетін атқарушы Хамит Әбілқасымұлы сөз алды.

– Құрметті ардагерлер мен қариялар! Сіздерді Қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі таңда, ауылымызда үлкенге сый, ардагерлерге құрмет білдіру дәстүрі қалыптасқан. Себебі үлкенге «асыл қазына» ретінде қарау – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Осы орайда, бізге сыйлаған жарқын күндер үшін, баршаңызға шексіз алғыс айтамын. Әрқашан жандарыңызда жақсылық жасай білетін жандар көп болсын! – деп тілегін білдірді.
Хамит Әбілқасымұлының құттықтауынан соң ауылдың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысып, экономикалық-әлеуметтік дамуына қосқан үлесі үшін аудан әкімінің арнайы «Алғыс хатымен» және ауыл әкімінің «Алғыс хатымен» бір топ ардагерлер марапатталды.
Мерекелік кештің тағы бір ұтымды жағы ескірмес, есті әндер шырқалды. Қарияларымыз әннің ырғағына бөленіп, қосыла шырқап керемет көңіл-күймен тарқасты.
Ш.ТІлеубаев