Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БІР ДӘУІРДІҢ ЕҢБЕК ШЕЖІРЕСІ

БІР ДӘУІРДІҢ ЕҢБЕК ШЕЖІРЕСІ



Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада Сыр журналистикасы қайраткерлерінің бірі, қаламгер, М.Шоқай атындағы сыйлықтың иегері Қази Данабаевтың «Теңізкешкен Төлеген» атты кітабының таныстырылымы өтті.Қаламгердің «Гүлдәурен», «Ақ кептер» хикаяттары кітап боп басылып, алғашқы өлеңдері «Көктем тынысы», «Дария жы­ры» жинақтарына енген. Рес­публикалық «Жалын» баспасы жабық бәйгесінің екі мәрте жүлдегері. Сонымен қатар, Сыр елінің танымал тұлғалары жайында жазылған ондаған деректі кітаптың авторы. Қалам иесінің жеке шығармашылығы «Сырдария» кітапханасы се­риясымен «Сағыныш екен, ба­ла кез» атауымен кітап болып шықты.«Теңізкешкен Төлеген» – Қази Дана­баев­тың қайта өң­де­ліп, толық­тырылған туын­­ды­сы, алғашқыда «Асыл тек» де­ген атау­мен жарық көрген. Жа­ңа кітап этно­фольк­­лор­тану­шы ғалым, эпик жыршы, Қа­­­зақ­­­стан­ның еңбек сіңірген қай­раткері, «Құрмет» орденінің, Ха­лықаралық «ТҮРК­СОЙ» ұйы­мының «Мұрагер» сыйлы­ғы­ның иегері, филология ғылым­да­рының канди­даты Берік Жү­сіп­овтің редактор­лығымен жа­рық­қа шыққан.Жиында алғашқы сөз кезегін алған Берік Мырзалыұлы жаңа кітаптың мазмұнын те­рең тар­қатып, көркем шығарманың тек бір әулеттің баяны ғана емес, ел тарихымен ас­тасып жатқан ар­насы бөлек туынды екенін айрықша атап өтті.«Бұл шығарманың кейіп­кері аралдық Төлеген Құле­кен­­ов аса бір оқып-тоқымаса да, ақы­лының, адамгершілік қа­сие­ті­нің, адал­дығының арқасында ел­ге сыйлы болған жан еді. Ке­шегі от-жалынға оранған зар заманда ізгі істерімен елдің есінде қалды, соңына, ұрпа­ғы­на өнеге боларлықтай із қал­­дырды. Сон­дықтан бұл туынды – асыл әкенің асқақ рухы­на ор­на­тылған ескерткіш, аға буын­ның шытырман өмір жолы­нан мән іздеген қазақтың қажетіне жарайтын еңбек» деп жазылған кітаптың алғысөзінде.Алашқа белгілі ақын Шаһи­зада Әбді­кәрімов замандасы, қаламгер Қази Дана­баевтың ада­ми болмысы туралы айтып, кі­тап кейіпкерінің кейінгі ұр­пақ үлгі тұтар тұлға екеніне тоқ­­талды. Тарихи-танымдық де­ректер арқылы мазмұны арта түс­кен жаңа кітаптың жа­рық­қа шығуына атсалысқан аза­мат­тар­ға алғысын білдірді.Ақын Дүйсенбек Аяшұлы «Сыр бойы» басылымының қа­ра­шаңырағында қатар қызмет еткен қарымды қаламгер Қази Да­набаев туралы естелік айтып, арнау өлеңін оқып берді.Жалпы жиында сөз алған зиялы қауым өкілдері бұл туын­дының бір әулеттің шежі­ресі ға­на емес, тұтас бір дәуірдің, Арал-Сыр бойы еңбек­керле­рі­нің шынайы тарихы екенін айтты.Рухани шараға аймақтың зия­лы қа­уым өкілдері, ақын-жа­зушылар, БАҚ өкіл­дері жә­не кейіпкердің ұрпақтары мен заман­дас­тары қатысты. Жиын­ды облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Нұрмат Ман­сұр жүргізді.Іс-шара соңында кітапха­на қоры құнды жаңа туынды­мен толығып, оқырман олжа­­сына айналды. Сондай-ақ қатысу­шы­лар қа­ламгер шығармашы­лы­ғынан дайындал­ған кітап көр­месін тамашалады.
Ғазиза ӘБІЛДА,«Сыр бойы»

01 қазан 2026 ж. 101 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031