Бибігүлдің сөзге шешен шәкірті
Жуырда Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында белгілі журналист, жазушы, ақын Қази Данабаевтың 70 жылдығына арналған «Рухани болмысты жаңғырту – ұрпақ ұлағаты» атты мектеп оқушылары арасындағы облыстық «Ділмар» шешендік өнер байқауы өтті. Облыстан 12 қатысушы үш кезең бойынша шешендік шеберліктерін ортаға салды. Байқауды облыстық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Ниязов ашып беріп, қаламгердің өмірі мен шығармашылығы, жазушылық қарымы туралы айтып, талапкерлерге сәттілік тіледі.
«Өнердің ең асылы – сөз өнері» демекші, «Ділмар» сайысы оқушылардың шешендік деңгейін шын анықтады. Байқауда үкілеген үміткерлердің би-шешендердің дау шешіп, кесім айтудағы кесек ой, көркем тіркестерін, астарлы сөздің мән-мағынасын ашып жеткізудегі тапқырлығы мен білімі сынға түсті. Бұл орайда тұрақты сөз тіркестерін қолдану, ұмыт бола бастаған ұғымдар мен сөздерден сауатты сөйлем құрау тапсырмасы да берілді. Нәтижесінде оқыған-тоқығаны мол, сөздік қоры бай, еркін ойлы, тілге шешен шәкірттер мәртебелі мәреден көрінді. Сүбелі сөз сайысында бақ сынаған жүйріктерге белгілі тілші-зерттеушілер, ақын-жазушылар, қаламгерлер қазылық етті. Олардың ішінде ақын, журналист Д.Аяшұлы, педагог, балалар ақыны Р.Наурызбаева, ақын, жоба авторы М.Байдәулетов сынды қазылар төрелік етті. Сондай-ақ, дәстүрлі облыстық байқауға Қази Данабаевтың «Гүлдәурен» кітабы ұсынылып, облыс аумағынан келген кітап құмар 12 оқушы әңгіме айтушылық қабілеттерін ортаға салды.

Дода бар жерде мәре бар. Байқау қорытындысы бойынша, бас жүлде мен 50 000 теңге ақшалай сыйақыны Арал ауданынан келген Сая Амангелді еншіледі. І орынды (40 000 теңге) Шиелі ауданының оқушысы Нұрайым Әбілдақызы жеңіп алды. ІІ орын (30 000 теңге) Қызылорда облысынан қатысқан Талғат Бақытжанға бұйырса, тағы бір Қызылорда облысының үкілеген жүйрігі Айару Серік ІІІ орынға табан тіреді. Айта кетейік, облыстық шешендік байқауда ауданның намысын қорғап, бірінші орыннан көрінген Нұрайымның жектекшісі Бибігүл Сұлтанованың еңбегі зор. Бүгінде Ақмая ауылындағы №49 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі өзінің бар білгенін шәкірттерге үйретіп, білімді ұрпақ тәрбиелуде. 27 жылдық тәжірибесі бар білікті ұстаз бұған дейін де қаншама талантты шәкірттердің шабытын шыңдап, жүлделі орындардан көрініп жүр. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген сөзді Бибігүл апайға қаратып айтқандай-ақ.
Ш.Тілеубаев