Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қызылорда дауысы» байқауының жеңімпазы анықталды

«Қызылорда дауысы» байқауының жеңімпазы анықталды

Қызылорда қаласы әкімдігінің қолдауымен және қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Қызылорда дауысы» байқауы өтті.
Идея авторы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, эстрада әншісі Мәдина Сәдуақасова.
«Қызылорда дауысы» конкурсына 200-ден астам өнерпаз ниет білдіріп, арасынан 12 қатысушы іріктеп алынды. Олар ақтық сында 3 кезең бойынша сынға түсті.
Бірінші кезеңде әлемдік деңгейдегі хит әндер орындалса, екінші кезеңде жергілікті композиторлардың шығармалары шырқалды. Екі кезең бойынша үздік шыққан 6 талапкер гранд финалда өнер көрсетіп, өзара мықтыны анықтады.
Нәтижесінде қызылордалық Аягөз Аралбайқызы Бас жүлдені жеңіп алды. Жас әншіге 1 миллион теңге табысталды.
23 желтоқсан 2020 ж. 1 071 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30