Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Университеттің ең сұлу аруы

Университеттің ең сұлу аруы


 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Университет аруы – 2019» атты сұлулық байқауы өтті.
Байқаудың ерекшелігі қатысушы қыздар тек сұлулық жағынан сынға түспеді. Оларға байқаудың финалына дейін күн сайын психологиялық сабақтар мен ұлтымыздың салт-дәстүрлері, тәрбиесі, мәдениеті жайлы дәрістер оқылды. Екінші кезеңге 80 қатысушының ішінен іріктеуден өткен 21 ару түрлі ас әзірлеп, жәрмеңкеге келушілерге ұсынды. Бұл кезеңде талапкер қыздардың сөйлеу мәдениеті және адамдармен қарым-қатынасына да көңіл бөлінді. Осы сынақтан ең көп ұпай жинап, сүрінбей 13 ару ақтық сынға жолдама алып, гала концертте 5 кезең бойынша бақ сынасты. Атап айтсақ, ақтық сынның алғашқы кезеңі таныстыру, өнерін көрсету сәті болды. Сыр сұлулары іскерлік стильдегі киім үлгісінде сән көрсетіп, салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап берді. Оған қоса, қорытынды кезеңде кешкі көйлектермен дефиле көрсетті.
Байқаудың жалпы қорытындысы бойынша бас жүлдені ДО-18-1 оқу тобының студенті Нұрайым Қабден жеңіп алып, «Университет аруы –2019» атанды. Ал Балжан Әбдікәрімова «1 Вице мисс», Нұржайна Жұматай «2 Вице мисс», Аружан Алпарова «3 Вице мисс» номинациясымен марапатталды.
05 сәуір 2019 ж. 1 432 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930