Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көркемсөз оқу шебері

Көркемсөз оқу шебері


Өнер бәйгесінде өңір өрендері жүлделі орындармен елге оралуда. Соның бірі №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы Ақжарқын Ахметхан. Жалағаш ауданында өткен Темірбек Жүргеновтың 120 жылдығына арналған «Асыл өнердің алып нары – Темірбек Жүргенов» атты көркемсөз оқу облыстық байқауынан 3-орынды иемденді.
Әдебиетке жақын Ақжарқынның қабілетін аңғарған мектеп-лицей директоры А.Қарекеева, оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Өтеева және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Әбідрахманова сынды ұстаздары көркем сөз оқуға баулиды. Дауыс ырғағы құлаққа жағымды, мәнері ерекше шәкіртінің талантын шыңдай түсу үшін түрлі байқауларға қатысуына да үлкен септігін тигізіп келеді. Ал, осы облыстық байқауда бақ сынауына аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қолдау көрсеткен. Шиелі ауданының абыройын асқақтатып, жүлелі 3 орынды қанжығаға байлаған А.Ахметхан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Гүлназ Достияроваға шексіз алғысын білдірді. Жалағаш ауданының әкімі Қ.Сәрсенбаевтың арнайы алғыс хаты мен қаржылай сыйлығына ие болған жас өнерпаздың жалынын жанарынан-ақ аңғаруға болады.

Гүлнәр ӘБДІХАНИҚЫЗЫ.
23 қазан 2018 ж. 2 575 0