Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұжымым – мақтанышым

Ұжымым – мақтанышым

Қасиетті де киелі Шиелі өңірінде жас өрендерді біліммен сусындатып, тә­лім­-тәрбие беріп жат­қан іргелі білім ордасының бірі – №47 М.В.Ломоносов атын­дағы мектеп-лицейі.
Осынау білім ордасын басқарып, әрқайсы­сымыздың жүрегімізден жылы орын ала білген мектеп-лицей директоры Сәлима Төлесқызы оқушылардың да, мұғалімдердің де екінші анасындай. Қай кезде де әр балаға мейіріммен қарайтын Сәлима оқушылардың сапалы білім алуына, мұғалімдердің жауапкершілікпен жұмыс жасауына аса мән береді. Сондықтан да болар, мектебімізде қашан да қызу жұмыстар, тапсырмалар, сайыстар мен үйірмелер, апталықтар мен ертеңгіліктер, сыныптан тыс жұмыстар жүргізіледі. Осы іс-шараларды үнемі ұйымдастырып, әрқашан мектеп мұғалімдеріне қолдау білдіріп, өзіндік көзқарасы мен көмегін аямайтын мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сәуле Нұрманова, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жұлдызай Рыспембетова атты ұстаздардың мектеп абыройын асқақтатып, биікке көтеруіне, мектеп дамуына қосқан еңбегі зор. Мектебімізде өтетін түрлі семинар жұмыстарында ұстаздарымыз ғана емес, шәкірттердің де елеулі жұмыстары ескеріліп, өз марапаттарын алып жатқанда, марқайып, одан әрі жетістікке жеткің келетіні сөзсіз. Мектебімізде кітапханамен тығыз байланыс орнатылған. Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері «Book trailer», «Read X», «Сinema day» жобалары аясында түрлі кездесу ұйымдастырып, 30 кітап жобасы арқылы оқушыларды кітап оқуға қызығушылығын арттырып келеді. Заман талабына сай мектеп-лицей шәкірттерінің жаңа технология жетістіктерін меңгеруі, робототехниканың қыр-сырын үйреніп, оқушылардың мектептегі түрлі үйірмеге қатысып, жан-жақты білім алуы, мектепке деген сүйіспеншілігінің арта түсуі, мектеп шәкірттерінің аудан ғана емес, облыс, респуб­лика көлемінде, халықаралық деңгейде пән олимпиадаларынан, ғылыми жобалар байқауынан, әр түрлі өнер сайыстарынан жүлделі орындармен оралуы да ұстаздарымыздың тынымсыз еңбегінің жемісі деп білемін.

Жадыра Сүйінова.
09 қазан 2018 ж. 1 014 0