Шиелі ауданынан күріш дақылын экспортқа шығару жөнінде
Шиелі ауданы – Қызылорда облысының ауыл шаруашылығына бейімделген маңызды аймақтарының бірі. Күріш өсірумен қатар бақша өнімдері мен дәнді дақылдарда кең көлемде өсіріледі. Осы ретте аудандық аумақтық инспекцияның атқарып жатқан жұмысы – өңірдің аграрлық тұрақтылығының кепілі болып табылады. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласындағы өнім сапасын қамтамасыз ету және агроэкожүйені қорғау үшін өсімдіктер карантині саласының рөлі айрықша.Қызылорда облысы Шиелі ауданы ауыл шаруашылығына бейімделген өңірлердің бірі, мұнда күріш, бидай, мақсары, жоңышқа бақша дақылдары және жеміс-жидек кең көлемде өсіріледі. Осыған байланысты аумақта карантиндік фитосанитариялық қауіптер әрдайым бақылауда болуы қажет.
Қызылорда облысында күріш дақылын экспортқа шығару – өңірдің ауылшаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Болашақта Қызылорда күрішін тек ішкі нарықта сатылатын ауыл шаруашылығы өнімі емес, өңірдің экспорттық брендіне айналдыруға мүмкіндік бар.Ол үшін шаруалар, өңдеуші кәсіпорындар, мемлекеттік органдар және экспорттық компаниялар арасында жүйелі ынтымақтастық қажет. Сыр өңірінің күріш шаруашылығы үшін экспорт – тек дайын өнімді шетелге сату емес ауыл шаруашылығы өндірісін технологиялық жаңғыртуға, жаңа инвестиция тартуға және өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік беретін маңызды экономикалық бағыт.Сондықтан Қызылорда күрішінің халықаралық нарықтағы орнын нығайту өңірдің ұзақ мерзімді аграрлық және экономикалық дамуындағы маңызды міндеттердің бірі болып қала береді. Алайда болашақтағы басты міндет – экспорт көлемін тек егіс көлемін ұлғайту арқылы емес, өнімділікті арттыру, суды үнемдеу, күрішті терең өңдеу, сапаны жақсарту, логистиканы жетілдіру және жаңа нарықтарды игеру арқылы көбейту.
Карантиндік объектілер туралы немесе фитосанитарлық қызмет туралы қандайда бір ақпараттар қажет болған жағдайда, Шиелі кенті, Бөгенбай батыр көшесі №21, мекенжайына немесе 8 (72432) 4-37-88 телефон нөміріне хабарласуға болады.
М.Камалов
ҚР АШМ АӨК МИК – нің
Шиелі аудандық аумақтық инспекциясының бас маман