АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Астықты өңірдің санатындағы ауданда ағымдағы жылы барлығы 30074, 4 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылы егілді. Таратып айтқанда, күздік бидай 1649, жаздық бидай 456, тары 280, арпа 50, дән жүгері 110, соя 150, жаңа жоңышқа 3400, ескі жоңышқа 6147,8 мал жемдік асқабақ 137,6, жемдік жүгері 60, күнбағыс 15, картоп 1198,1, көкөніс 1769,05, бақша дақылдары 2408, мақсары 1494 гектар жерге егілсе, өңірдің басты брендіне айналған күріш 10 750 гектар жерге себілді. Орта есеппен әр гектардан 55 центнер өнім жиналды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты биылғы Жолдауында «Қазір ауыл шаруашылығына арналған жер туралы толыққанды ақпарат жоқ. Жер құнары, су ресурстары мен суару жүйесі және оның жолдары жайлы мәліметтер жан-жақты шашырап жатыр» деп атап көрсетілген болатын.
Саяси құжатта былай делінген. Егер диқан өсімдік қалдықтарымен, гумуспен, минералды, органикалық тыңайтқыштармен бірге топыраққа қажетті қоректі сіңіре алғанда ғана құнарлылық сақталады. Осы шаруа тап-тұйнақтай атқарылғанда мол өнімнен дәмеленуге болады.
Ғалымдардың пайымдауынша, көр¬сет¬кіштің төмендеуі жерге деген жана¬шыр¬лықтың азаюынан. Бірқатар аудандарда тыңайтқышты пайдалану деңгейі төмен. Қазіргі уақытта жоғары өнімілікті қалыптастыру және топырақтың құнар¬лы¬лы¬ғын сақтау үшін қолжетімді минералды тыңайтқыштарды пайдаланатыны белгілі. Соңғы уақытта әлемдегі ахуалға байланысты тыңайтқыштың бағасы қымбаттап кетті де жер емшегін емгендер дарқан табиғат еңбегімізді елер деген сыңайдағы үмітпен ғана жұмыс істеуде.
Оқырманға түсінікті болуы үшін бір дерек келтіре кетелік. Еліміз бойынша минералды тыңайтқыштарды қолдану көрсеткіші мынандай. Мәселен бізде бір гектар егістікке 5-6 келіден ғана келеді. Енді салыстырып көріңіз, іргедегі Ресейде бұл көрсеткіш 45 келіге, Еуропа елдерінде 130, АҚШ-та 170 келіге тең. Содан да болар олардағы егін шығымы таң¬ға¬лар-лық. Украина мен Канададағы гектар бере¬келілігі біздің диқандардың түсіне де енбейді.
Ауданда ауыл шаруашылығы ұйымдарының үлесі – 70 процент. Жалпы Шиеліде нарықты жергілікті өңдеу өнеркәсіптерінің 30 ауыл шаруашылық өнімін өңдейтін объектілер жұмыс істейді. Олар: 16 күріш өңдеу бойынша, 1 ет өңдеу, 2 сүт өңдеу, 1 мақсары сығатын цех, 7 наубахана, 2 мал сою пункті және 1 африкалық лақа балығын өсіру орны.
Шиеліде үй жағдайында африкалық лақа балығы өсіріледі. Аталған балықты өсіруші жеке кәсіпкер Мурад Халиев. Ол «Жаннұр» ЖК Бәйтерек ауылдық округінде өткен жылы іске қосқан болатын. Жоба құны – 20 млн теңгені құрайды. Қазіргі таңда 2500 лақа балығын өсіріп отыр. Ал күріш ақтау диірмені «Тұрлыбаев Досжан» 2013 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Тәулігіне 60 тонна ақ күріш, 20 тонна құрама жеп өндіреді. Бір айта кетерлігі, 2020 жылы Қырғызстанға 80 тонна ақ күріш эскпорттаса, өткен жылы 120 тонна ақ күріш экспорттаған.

С.БАХТИЯРҚЫЗЫ