Шиелі ауданындағы өсімдіктер карантині: зиянды организмдермен күрестегі аумақтық инспекция жұмысы
Шиелі ауданы – Қызылорда облысының ауыл шаруашылығына бейімделген маңызды аймақтарының бірі. Күріш өсірумен қатар бақша өнімдері мен дәнді дақылдарда кең көлемде өсіріледі. Осындай қарқынды егіншілік жағдайда өсімдіктерді зиянды организмдерден қорғау және карантиндік қауіпсіздікті сақтау – аса маңызды міндет. Осы ретте аудандық аумақтық инспекцияның атқарып жатқан жұмысы – өңірдің аграрлық тұрақтылығының кепілі болып табылады. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласындағы өнім сапасын қамтамасыз ету және агроэкожүйені қорғау үшін өсімдіктер карантині саласының рөлі айрықша. Зиянды организмдердің таралуына жол бермеу – тек шаруалардың емес, сонымен қатар мемлекеттік бақылаушы органдардыңда ортақ міндеті. Қызылорда облысы Шиелі ауданы ауыл шаруашылығына бейімделген өңірлердің бірі, мұнда күріш, бидай, мақсары, жоңышқа бақша дақылдары және жеміс-жидек кең көлемде өсіріледі. Осыған байланысты аумақта карантиндік фитосанитариялық қауіптер әрдайым бақылауда болуы қажет.
Аудан аумағында жыл сайын ауыл шаруашылығы алқаптарына карантиндік фитосанитариялық мониторинг жүргізіледі. Шиелі ауданы аумағында шектеулі таралған карантиндік объектілердің калифорниялық қалқанша сымыры, жатаған у кекіре, арамсояу, қауын шыбыны сияқты 4 түрі тіркелген. Бұл зиянкестер мен арамшөптер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасына айтарлықтай зиян келтіреді. Шиелі ауданында өсімдіктер карантині саласындағы жұмыстар мемлекеттік бақылаушы органдардың жоғары жауапкершілігімен және тұрғындардың қолдауымен жүзеге асырылып келеді. Карантиндік организмдерге қарсы тиімді күрес шаралары – ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына, өнім сапасының жоғары болуына және аймақтың фитосанитариялық қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Осы бағыттағы жүйелі жұмыс жалғасын таба береді. Карантиндік объектілер туралы немесе фитосанитарлық қызмет туралы қандайда бір ақпараттар қажет болған жағдайда, Шиелі кенті, Бөгенбай батыр көшесі №21, мекенжайына немесе 8 (72432) 4-37-88 телефон нөміріне хабарласуға болады.
М.Камалов
ҚР АШМ АӨК МИК – нің
Шиелі аудандық аумақтық инспекциясының бас маман