Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Фарер аралдарымен тең ойнады

Қазақстан Фарер аралдарымен тең ойнады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 2026/27 жылғы маусымын тең нәтижемен бастады. Джон ван ’т Схип жаттықтыратын команда 26 қыркүйекте Торсхавнда өткен С лигасының үшінші тобындағы бірінші турда Фарер аралдарымен 1:1 есебімен тең түсті.
Алаң иелері 15-минутта Оки Самуэльсеннің голымен есеп ашты. Қазақстан құрамасы 26-минутта жауап қайтарды: Бауыржан Исламхан орындаған бұрыштамадан кейін қорғаушы Темірлан Ерланов допты баспен қақпаға бағыттады. Бірінші тайм 1:1 есебімен аяқталып, үзілістен кейін таблодағы көрсеткіш өзгерген жоқ.
Осылайша Қазақстан құрамасы жаңа маусымдағы алғашқы матчында бір ұпай еншіледі. Бұл кездесу Джон ван ’т Схиптің ұлттық құраманың бас бапкері ретіндегі алғашқы ресми ойыны болды. Қазақстан келесі матчын 29 қыркүйекте Словакияға қарсы сырт алаңда өткізеді.
26 қыркүйек 2026 ж. 128 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (9452)

10 қараша 2026 ж.

№84 (9451).

07 қараша 2026 ж.

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30