Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Барыс» Мәскеуде «Динамоны» ойсырата жеңді

«Барыс» Мәскеуде «Динамоны» ойсырата жеңді



Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында мәскеулік «Динамоны» сырт алаңда 4:1 есебімен ұтты.
Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ, ал екінші кезеңде Гарретт Пилон екі шайба соғып, қонақтарды алға шығарды. Алаң иелері Никита Коростелёвтің голымен жауап қайтарды.
Үшінші кезеңде Джейк Масси «Барыстың» басымдығын арттырды. Ойынның соңғы минуттарында Джастин Бэйли шайбаны бос қақпаға бағыттап, қорытынды есепті белгіледі. Осылайша, астаналық клуб Ярославльдегі «Локомотивті» 5:0 есебімен жеңгеннен кейін Мәскеуде де жеңіске жетті.
«Барыс» келесі кездесуін 25 қыркүйекте өз алаңында «Нефтехимикке» қарсы өткізеді.
23 қыркүйек 2026 ж. 145 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30