Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Барыс» Төменгі Новгородта «Торпедоға» есе жіберді

«Барыс» Төменгі Новгородта «Торпедоға» есе жіберді

«Барыс» Төменгі Новгородта «Торпедоға» есе жібердіҚұрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) биылғы маусымы басталғалы бері жеңілістен бас көтермеген «Барыс» 2025 жылдың соңғы турында жеңіске жеткен еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Былтырғы жылдың соңғы тур ойынын астаналықтар Омбыда жергілікті «Авангардқа» қарсы өткізді. Олар өте қауіпті қарсылас. Қазіргі кезде «Авангард» тұрақты біріншіліктің жарыс кестесінде алтыншы орында тұр. Салыстармалы түрде алсақ, «Барыс» 18-орынды қанағат тұтып отыр. Бізден кейін тек «Сибирь», «Адмирал», «Сочи» және «Лада». Аталған матчта алғашқы екі шайбаны 13 минутта Всеволода Логвин мен 23 минутта Әлихан Әсетов соқты. 27 минутта омбылықтар есеп айырмашылығын қысқартты. 36-минутта Кирилл Панюков «Барыстың» басымдығын арттыра түсті. 52-минутта «Авангард» тағы бір гол соқты. Ал кездесудің соңғы нүктесін соңғы секундтарда Мэйсон Морелли қойды. Есеп – 2:4.   
Осы жарқын жеңістен кейін біз «Барыс» енді кеңінен көсіліп, жарыс кестесіндегі жағдайын түзейтін шығар деп үміттендік. Бірақ бұнымыз бекер екен. Кеше олар Төменгі Новгородқа сапар шегіп, жергілікті «Торпедомен» күш сынасты. Бәсеке барысында жерлестеріміз екі рет алға шыққанымен, екі ретінде де айдын иелері таразы басын теңестіріп кетті. Ақырында олар 3:2 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс шайбасын кездесудің аяқталуына жарты минуттай уақыт қалғанда Әмір Гараев соқты.







08 қаңтар 2026 ж. 960 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

№14 (9381)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (9380)

17 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031