Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Футзалдан Қазақстан құрамасы Даниядан есесін қайтарды

Футзалдан Қазақстан құрамасы Даниядан есесін қайтарды

Футзалдан Қазақстан құрамасы Даниядан есесін қайтардыФутзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі топтағы төртінші ойында Данияны 7:3 есебімен ұтып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz. Ойында Қазақстан құрамасы жылдам екі гол соқты. Бірінші минутта Азат Валиуллин, екінші минутта Дуглас гол соқты. Алайда дат ойыншылары есепті жылдам теңестіріп кете білді. Дәурен Тұрсағұлов автогол соғып алса, Ермин Касумович бір допты еншісіне жазды. Артынша Ақжол Дәрібай мен Дуглас Қазақстанды екі доп басымдығымен алға шығарды. Бірінші тайм аяқталғанға дейін даттар тағы бір доп айырмасын қысқарта білді. Екінші таймда Қазақстан құрамасы 3 гол соқты. Алдымен Азат Валиуллин (28-минут), одан кейін Дәмір Кәрібай (32-минут) мергендігімен көзге түсті. 35-ші минутта Дәурен Тұрсағұлов пенальтиді сәтті орындап, есепті 7:3 есебімен аяқтады. 
06 ақпан 2025 ж. 510 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031