Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды

Фото: ҚФФФутзалдан Қазақстан құрамасы іріктеудің элиталық кезеңінде Чехияны ірі есеппен жеңіп, әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

D тобының соңғы, үшінші турындағы матч чехиялық Брнода өтіп, 5:2 есебімен аяқталды.

Бұл кездесуде Қазақстан құрамасына тек жеңіс қажет болды. Пауло Рикада Кака шәкірттері ойынды қарқынды бастады - алғашқы минуттарда Чехия қақпасына үш гол соғылды. Дуглас дубль жасады, кейін Тайнан гол соқты.

Екінші таймда командалар екі голмен алмасып шықты. 24-минутта Дуглас хет-трик авторы атанды. Алаң иелері Михаил Голаның голымен жауап қатты. 38-минутта Тайнан кездесудегі екінші голын соқты. Матчтың соңғы минутында Иржи Вокоун матч нүктесін қойды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы ұлты ұпаймен өз тобында бірінші орын алды. Өзара кездесуде жеңіліп қалған Чехия алты ұпайы болса да, екінші орынға түсті. Румынияда төрт, Словенияда бір ұпай бар.

Әлем чемпионаты биыл Литвада 12 қыркүйек пен 4 қазан арасында өтеді.

06 ақпан 2020 ж. 524 0