Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Футболдан ӘЧ-2018: Колумбия мен Жапония құрамалары 1/8 финалға шықты

Футболдан ӘЧ-2018: Колумбия мен Жапония құрамалары 1/8 финалға шықты


Футболдан Ресейде өтіп жатқан 2018 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінің матчында Колумбия құрамасы Сенегалды жеңіп, 1/8 финалға шықты. H тобының үшінші турының ойындары 28 маусымда Самара қаласында өтті және Колумбия мен Сенегал арасындағы кездесу 1:0 есебімен аяқталды.Ойынның 25-ші минутында сербиялық судья Милорад Мажич Колумбия құрамасына Дэйвидсон Санчес үшін пенальти бекіттті. Алайда, ол видеоны қайта қарап шыққаннан кейін, өз шешімін өзгертті. Колумбия жеңіске кездесудің екінші жартысында ғана жете алды. Ойынның 74-ші минутында қорғаушы Джерри Мина соққан гол Сенегал қақпасына дөп түсті. Ал, Жапония мен Польша арасында өткен ойында жапондықтар 0:1 есебімен жеңіліп қалды. 60 минутта Ян Беднаректің соққан голы поляктарға жеңіс сыйлады.
Осылайша, алты ұпаймен Колумбия құрамасы 1-ші орын алып, 1/8 финалға шықты. Ал, екінші орынды анықтау үшін қосымша көрсеткіштерді есептеуге тура келді. Жапония мен Сенегал жеке кездесуде 4-4 және ұтыс ойындарында да 2:2 болып тең түскен, бірақ жапондықтар әлем чемпионатында сары карточкаларды аз алғандықтан екінші ойынға жолдама алды.
Stan.kz
29 маусым 2018 ж. 1 002 0