Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Қазақстанның әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

BAQ.KZ. Футзалдан 2020 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы элиталық раундтың жеребесі анықталды.

Қазақстан құрамасы D тобына түсті. Пауло Рикардо Кака шәкірттері Словения, Румыния және Чехия құрамаларымен кездеседі. Бұл топтың ойындары 2020 жылдың 28 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Чехияда өтеді.

2020 жылғы әлем чемпионатының элиталық раундының жеребесінің қорытындысы:

А: Португалия, Италия, Беларусь, Финляндия;
B: Испания, Сербия, Украина, Франция;
С: Ресей, Әзербайжан, Словакия,Хорватия;
D: Чехия, Словения, Румыния, Қазақстан.

Төрт топтың жеңімпаздары әлем чемпионатына тікелей шықса, ал екінші орын алғандар қосымша өзара кездесу өткізеді.

Әлем чемпионаты 2020 жылдың 12 қыркүйегі мен 4 қазан аралығында Литвада өтеді. Еуропадан 7 құрама қатысады, Азиядан – 5, Африкадан – 3, Солтүстік және Оңтүстік Америкадан – 4 және Мұхит аймағынан – 1 құрама қатысады.

Қазақстан әлем чемпионатына екі рет қатысқан. Ең алғаш 2000 жылы жарысты топтық кезеңде аяқтаса, 2016 жылы 1/8 финалға дейін жетті.
11 қараша 2019 ж. 990 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031