Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 2018 жылы Қазақстан спортшылары қандай әлем чемпионаттарына қатысады

2018 жылы Қазақстан спортшылары қандай әлем чемпионаттарына қатысады

2018 жылы Қазақстан спортшылары қандай әлем чемпионаттарына қатысадыБиыл қазақстандық спортшыларды жылдың ең маңызды додасы күтіп тұр. Бұл - 18 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтетін Жазғы Азия ойындары. Құрлықтың кішігірім Олимпиадасында отандық спортшылар қарқынды дайындық жұмыстарын өткізіп жатыр. Ал спорттық күнтізбеде әлемдік деңгейдегі Кубоктік жарыстардан бөлек, бәсі жоғары әлем чемпионаттары да бар. Чемпиондық атаққа таласатын бәсекелер тізбегі де қазақстандық спортшылар үшін жылдың басты жарысы болып саналады. Осы орайда, Olympic.kz биыл олимпиадалық спорт түрлерінен өтетін әлем чемпионаттарының күнтізбесін ұсынды.  Семсерлесуден әлем чемпионаты Өтетін орны: Уси, Қытай Уақыты: 19-27 шілде Семсерлесуден әлем чемпионатында 12 медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Олардың ішінде 6 бағдарлама - ерлерге, 6 бағдарлама әйелдерге тиесілі.  Волейболдан ерлер арасындағы әлем чемпионаты Өтетін орны: Италияның, Болгария: Рим, Флоренция, Русе, Бари, Варна, Ассаго, Турин, София, Казалеккьо ди Рено.  Уақыты: 9-30 қыркүйек Әлем чемпионатына 24 команда қатысады. Өкінішке қарай, Қазақстанның ерлер құрамасы жолдамасыз қалды.  Волейболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Өтетін орны: Жапонияның 6 қаласы: Иокогама, Саппоро, Кобе, Хамамацу, Нагоя, Осака.  Уақыты: 30 қыркүйек - 21 қазан Волейболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатына жалпы 24 команда қатысады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасы да бар. Спортшыларымыз жеребе бойынша D тобында өнер көрсетеді.  Күрес түрлерінен әлем чемпионаты Өтетін орны: Будапешт, Венгрия Уақыты: 22-28 қазан Әлем чемпионатында еркін күрес, еркін стильдегі әйелдер күресі және грек-рим күресінен жалпы  есебі 24 жүлде жиыны сарапқа салынады. Аталған сынға Қазақстан құрамасының балуандары да қатысады.  Дзюдодан әлем чемпионаты Өтетін орны: Баку, Әзербайжан Уақыты: 20-27 қыркүйек Дзюдодан әлем чемпионаты жыл сайын өтеді. Тек Олимпиада ойындарының жалауы желбірейтін жылы ғана біріншілік өткізілмейді. Бакуде 16 медаль жиынтығы сарапқа салынады.   Каратэден (WKF) әлем чемпионаты Өтетін орны: Мадрид, Испания Уақыты: 6-11 қараша Жақында ғана Олимпиада бағдарламасына енген каратэден әлем чемпионаты Мадридтегі 15 мың адам сиятын спорт кешенінде өтеді. Осы чемпионатта Токио Олимпиадасына жолдамалар  таратылады.  Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Өтетін орны: Ашхабад, Түрікменстан Уақыты: 1-10 қараша Ашхабадта ерлер арасында 84-ші, әйелдер арасында 27-ші әлем біріншілігі өтеді. Аталған дода Токио Олимпиадасына жолдамалар беретін алғашқы жарыс болып саналады.  Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты Өтетін орны: София, Болгария Уақыты: 10-16 қыркүйек Спорттық гимнастикадан әлем  чемпионаты Өтетін орны: Доха, Катар Уақыты: 12-28 қазан Тас жолдағы  велоспорттан әлем  чемпионаты Өтетін орны: Инсбурк, Австрия Уақыты: 12-30 қыркүйек  
08 шілде 2018 ж. 1 365 0