АУЫР АТЛЕТИКАДАН 2018 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ҚАЗАҚСТАНДА ӨТЕДІ
Ауыр атлетикадан 2018 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді, – деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл дода алғашында Перу елінің астанасы Лимада өтуі тиіс болған. Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығы (IWF) өткен жылы Түрікменстан астанасы Ашхабадта өтетінін хабарлады. Ал жаңа дереккөз ақпараты бойынша жарыс Қарағандыда өтетін көрінеді. Ресми түрде жақын күндері жарияланады.
Әлем чемпионаты 24 қараша мен 3 желтоқсан аралығынa жоспарланған. Осы додада қазақстандық ауыр атлеттер Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло қатысады деп күтілуде.
Айта кетейік, ауыр атлетикадан әлем чемпионаты осыған дейін де Қазақстанда өткен. 2014 жылы бұл жарыс Алматыда ұйымдастырылған болатын.