Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ҚАЛАМ МЕН ЖЫРДЫҢ ҚОС ҚЫРАНЫ» атты аудандық жыр мүшәйра өтеді

«ҚАЛАМ МЕН ЖЫРДЫҢ ҚОС ҚЫРАНЫ» атты аудандық жыр мүшәйра өтеді


 28 маусым − Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орайҚазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын, жазушы Алтай Айып пен «Өскен өңірдің» ақиық ақыны Тұрар Тоққұловты еске алуға арналған                «ҚАЛАМ МЕН ЖЫРДЫҢ  ҚОС ҚЫРАНЫ»

атты аудандық жыр мүшәйрасының
ЕРЕЖЕСІ
         Жыр мүшәйрасы  Шиелі аудандық  қоғамдық дамубөлімі мен  «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізіледі.
Мақсаты: «Өскен Өңір» газетінің бас редакторлық қызметін 20 жыл бойы атқарған, ақын, публицист, жазушыАлтай Айып  биыл 70 жасқа толып отыр және Шиелінің шоқтығы биік ақыны, тума талант,  қаламы жүйрік журналист  Тұрар Тоққұловтың 60 жасқа толуына орай екі ақынның  шығармашылығын қолдау, отансүйгіштік пен адамгершілік қасиеттерді кеңінен насихаттау.
2. Мүшәйрада  екі өлеңнен оқылады (Өлеңнің түріне шек қойылмайды)
1. «Өскен өңірден өрілген өмір» (Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Өскен Өңір газетінің бас редакторлық қызметін 20 жыл бойы   атқарған, ақын, жазушы, публицист Алтай Айыпқа және туматалант Тұрар Тоққұловқа арналады)
2.«Тәуелсіздікке тарту» (Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған өлең,)
3. Мүшәйраның шарттары:
1. Жыр мүшәйрасына 16 пен 55 жас аралығындағы шығармашыл, жазба ақындар қатыса алады.
2. Мүшәйраның талаптары:
1) Жыр тақырыбы мүшәйраның мақсатына сәйкестігі;
2) Тақырыптың  толық ашылуы;
3) Өлеңнің орындалу шеберлігі;
4) Өлеңдегі сөз қолданысы, ұйқасы;
5) Дауыс мәнері және тіл тазалығы;
6) Өлең көлемі 10-12 шумақтан аспауы қажет;
7) Көркем мәтінді оқу кезінде музыкамен немесе музыкалық аспаппен сүйемелдеуге болады;
8) Дайын фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады;
9) Сахна мәдениеті;
10) Сахналық киім үлгісі.
11) Өлеңнің сөзі интернеттен алынбауы керек.
4. Мүшәйраның өткізілу  тәртібі
1. Шиелі қоғамдық даму бөлімі және «Жалынды жастар»  жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырушысы болып табылады.
2. Мүшәйраны өткізу туралы хабарландыру аудандық БАҚ-да, әлеуметтік желілерде жарияланады.
3. Мүшәйраға қатысушылар төмендегі тапсырмаларды орындауы тиіс:
1) Арнау өлең бұрын жарияланбаған, жаңа өлең болуы керек.
4. Қатысушылар туралы мәліметті (Толық аты-жөні, орындайтын шығармаларының атауы мен мәтіні, жұмыс, оқу орны, байланыс телефондары) 2026 жылдың маусым 23 күні cағат 11:00-ге дейін roza.mizambaeva. mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.
Ескерту: Мәліметтер мерзімінде жіберілмеген жағдайда ағымдағы жылдың 25 маусым күні өтетін мүшәйраға қатыса алмайды.
5. Жыр мүшәйрасының қатысушыларын анықтауға қазылар алқасы құрылады.
6. Мүшәйра  жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының шешіміне сәйкес, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
7. Үздік шығармалар баспа беттерінде жарияланатын болады.
Өтетін жері: Шиелі кенті, «Руханият» орталығы, И.Абдукаримов№11 А
Өтетін күні және мерзімі: 25 маусым 2026 жыл, сағат 10:00
5.Қосымша мәліметтер алу үшін: 8 702 632 08 20;  8-775-126 -53-20;
17 маусым 2026 ж. 37 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9412).

16 маусым 2026 ж.

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930