Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАҚ өкілдері жасыл алаңда бас қосты

БАҚ өкілдері жасыл алаңда бас қосты


29 маусым күні «Демеу» спорт кешенінде “Бұқаралық ақпарат құралдары» күніне орай, ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен, «Өскен өңір» газетінде ұзақ жылдар редакторлық қызмет атқарған белгілі журналист Зәкім Жайлыбаевты еске алуға арналған аудандық турнир өтті. Оған спорт бөлімінің қызметкерлері, «Ішкі саясат бөлімі» мен «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлерінен құрылған құрама команда және «Өскен өңір» редакциясы ұжымынан жинақталған команда қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша спорт бөлімінің қызметкерлері жеңіске жетті. Ал, «Өскен өңір» газетінің тілшісі Шапағат Тілеубай «үздік ойыншы» номинациясын иеленді. Осылайша сала мамандары салауатты өмір салтын ұмытпай, турнир арқылы З.Жайлыбаевты еске алды.

Ақбота БАЯНБАЙ
03 шілде 2021 ж. 525 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

№55 (9422).

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31