АҚЫН АЛПЫС ДЕГЕН АСУДА
Қазақ әдебиеті мен мәдениетінде қарымды қолтаңбасы бар қалам иесі, шоқтығы биік ақын, жерлесіміз Дүйсенбек Аяшұлы биыл қаламгерлер тал түс деп білетін белесті еңсерді. Алпыс деген асуға жетіп, тағдырының «тал түсіне» табан тіреген ақын бүгінде Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ҚР Ақпарат саласының үздігі.
Ботабай ауылында дүниеге келген Дүйсенбек Аяшұлы 1979 жылы облыс орталығындағы Гагарин мектеп-интернатын бітірген соң ауылға келіп «Тартоғай» кеңшарында шаруашылық жұмыстар атқарған. 1988-1993 жылдар аралығында Қызылорда педагогика институтының тіл-әдебиеті факультетінде оқыған. Аймақтың ата басылымы – «Сыр бойы» газетінде тілші, аймақтық тілші, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары болып көп жылдан бері жауапты қызмет атқарып келеді. Аудан айнасы «Өскен өңір» газетінде редакторлық қызмет атқарған уақытта қалың оқырманның құрметіне бөлене білді. Кейіннен Қызылорда қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінде бас редактор қызметін абыроймен атқарды. Бірнеше мәрте облыстық, республикалық мүшәйралардың жеңімпазы атанды. Ақынның 2003 жылы жарық көрген «Өр ағыс» атты туындысын оқырман жылы қабылдады.

Ғұлама Жүсіп Баласағұнның «Адам баласының білімі толысқан сайын барынша қарапайым бола түседі» деген сөзі Дүйсенбек ағамызға қаратып айтылғандай. Алпыстың асқарына шығып, жетпістің жетегіне кірген, кісілік кемеліне келген ағамызға ақ жол тілейміз.
Гүлхан СӘБИТҚЫЗЫ