Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тілсіз жауға тосқауыл

Тілсіз жауға тосқауыл

Мамырдың жайма-шуақ таңында Шиелі әдеттегідей мамыражай күйде болатын. Алайда бұл тыныштықтың ар жағында үлкен жауапкершілік пен қатаң тәртіпке негізделген маңызды дайындық жүріп жатты.
Таңғы сағат 08:00-де берілген «Дабыл-1001» сигналы өңір тыныштығын серпіп өтті. Хабар қысқа уақытта Шиелі ауданы әкімдігіне, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия мүшелеріне, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің басшыларына жетті. Сол сәттен бастап барлық құрылымдар шұғыл әрекет ету режиміне көшті.
Сағат 09:00-де Бәйтерек ауылдық округіне қарасты «Бидайкөл» шаруа қожалығы аумағында күш-құралдардың саптық қарауы өткізілді. Мұнда 16 азаматтық қорғау қызметі мен 3 авариялық-құтқару құрамасы сап түзеп, жалпы 55 техника мен 184 қызметкердің дайындығы тексерілді. Әрбір техника, әрбір маман – алдағы сынға сақадай сай.
Оқу-жаттығуға Шиелі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Е.Райымбеков басшылық етті. Саптық қарау барысында аудан әкімінің орынбасары А.Дүйсенбаев пен сала жетекшілері күш-құралдардың әзірлігін жан-жақты бағалады.
Көп ұзамай жаттығудың негізгі практикалық кезеңі басталды. Бәйтерек аумағында шартты түрде өрт оқиғасы тіркеліп, жедел штаб дереу іске кірісті. Медициналық қызмет өкілдері зардап шеккен азаматқа алғашқы көмек көрсетіп, оны қауіпсіз аймаққа жеткізді. Байланыс және ақпарат қызметі барлық құрылымдар арасындағы үздіксіз байланысты қамтамасыз етіп, жағдай туралы жедел ақпарат таратып отырды.
Өрттің кең аумаққа жайылмауы үшін минералды жолақтар жасалып, арнайы техникалар мен құрал-жабдықтар тиімді пайдаланылды. Барлық іс-қимыл үйлесімді әрі нақты жоспарға сай атқарылды. Жалпы оқу-жаттығуға 8 құраманың 14 техникасы мен 71 қызметкері қатысып, өз міндеттерін жоғары деңгейде орындады.

Айнұр ИБРАШЕВА,
Сурет Бақытжан БӘЙІМБЕТ
01 маусым 2026 ж. 28 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (9407).

30 мамыр 2026 ж.

№39 (9406)

26 мамыр 2026 ж.

№38 (9405).

23 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930