«ӨРТ-2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТКІЗІЛДІ
2024 жылдың 15-16 мамыр күндері аралығында өрт қауіпті кезеңдегі төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау мақсатында, «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
2024 жылдың 15 мамыр күні ұйымдастырылған оқу-жаттығу жұмыстарының I-кезеңінде Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Ысмағұлов Болатбек Абдулхайысұлы мен Шиелі аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Мампаев Жандос Айдарбекұлы азаматтық қорғау қызметтеріне саптық қарау жұмыстарын жүргізді.
16 мамыр күні ұйымдастырылған оқу-жаттығу жұмыстарының ІІ-кезеңі Шиелі ауданы, Алмалы ауылдық округі, 21 бекет тұсында Жөлек орманшылығының 9 айналымы 52 орамында өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында қызмет басшылары өрт қауіпті кезеңде туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бағытында тиісті шараларды қабылдап, өртті жою жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ Шиелі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында оқу-жаттығу бойынша қорытынды жиналыс өткізіліп, оқу-жаттығуға қатысқан қызмет басшыларына алғыс айтылды.
Шиелі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі