«КӨКТЕМ-2024» ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ
«Көктем - 2024» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы Қандыағаш қаласында өткізілді. Оқу-жаттығу барысында көктем кезеңіндегі төтенше жағдайларды жою мен іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі басқару органдарының дайындығы пысықталды.
Бұл жердегі мақсат аудан көлемінде азаматтық қорғау қызметінің құрылымдарын жоғары әзірлікке келтіру, ықтимал төтенше жағдайларды дер кезінде жою, көктем кезіндегі төтенше жағдайда халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету, зардап шеккендерді эвакуациялау және ұйымдар арасында өзара іс-қимылды ұйымдастыру, қолда бар күштерді, құралдар мен ресурстарды тартуға жан-жақты жәрдем және көмек көрсету жұмыстарын жүргізу болды.
«Көктем - 2024» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу жиынына аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Аян Кусаинов, Ақмола облысының ТЖД ТЖЖБ бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Әділбек Капишев, Ақтөбе облысының ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері капитан Амир Карагужин қатысып көктем кезеңіндегі төтенше жағдайлар кезінде басқару органдардың, күштермен құралдардың іс-әрекетінің дайындығын тексерді.
https://www.gov.