Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін Қазақстан құрамасы 8 жүлдемен аяқтады

Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін Қазақстан құрамасы 8 жүлдемен аяқтады

8-10 мамырда Астана қаласында төртінші рет ұйымдастырылған Qazaqstan Barysy Grand Slam додасы өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы 14 салмақ бойынша 53 спортшы қатысқан жарыста 2 алтын, 2 күміс, 4 қола жүлде иеленді, деп жазады Egemen.kz.




Алтын алғандар: 81 келі – Жалғас Қайролла, 100 келі – Марат Байкамуров. 
 
Күміс жүлдегерлер: 60 келі – Талғат Орынбасар, +78 келі – Кәмила Берліқаш.
Қола медаль иеленгендер: 60 келі – Шерзод Давлатов, 81 келі – Аңсарбек Ғайнуллин, 90 келі – Айдар Арапов, +78 келі – Аида Тойшыбекова.
Қазақстанның екі дзюдошысы Grand Slam турнирінің жартылай финалына шықты
Еске салайық, 5 отандасымыз алғаш рет Grand Slam турнирінде жеңіс тұғырына көтерілді – Жалғас Қайролла, Аңсарбек Ғайнуллин, Шерзод Давлатов, Аида Тойшыбекова, Айдар Арапов.
81 келіде бастапқы тізімге енбеген Жалғас Қайролла басты сенсацияға айналып, чемпион атанды.
60 келідегі Талғат Орынбасар жартылай финалда Токио-2020 Олимпиадасының күміс жүлдегері Ян Юн-Вэйді жеңді.
Елдос Сметов Олимпиададан кейін алғаш рет татамиге шығып, жеңіліс тапты
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, бұған дейінгі жылдардағы көрсеткіштер:  2023 жыл – 1 алтын, 1 күміс, 5 қола, 2024 жыл – 1 алтын, 3 қола, 2025 жыл – 3 күміс, 6 қола.
Енді 2027 жылы Астана қаласы әлем чемпионатын қабылдауға дайындалады.
11 мамыр 2026 ж. 30 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9401).

09 мамыр 2026 ж.

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031