Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Париждегі Үлкен дулыға турнирінде ел намысын кімдер қорғайды?

Париждегі Үлкен дулыға турнирінде ел намысын кімдер қорғайды?

Париждегі Үлкен дулыға турнирінде ел намысын кімдер қорғайды?7-8 ақпан аралығында Франция астанасы Парижде дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы 2026 жылдың алғашқы жарысы өтеді. Спортты дамыту дирекциясы жаһандық бәсекеде ел намысын қорғайтын дзюдошылардың есімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Бұл бәсекеге қазір 82 мемлекеттен 530 балуан тіркеліп үлгерген.
Осы сынға баратын ел құрамасы:

Ерлер: 
60 келі: Аман Бақытжан;
60 келі: Шерзод Давлатов;
66 келі: Ғұсман Қырғызбаев;
66 келі: Бауыржан Нарбаев;
73 келі: Есет Қуанов;
73 келі: Дастан Шаяхметов;
81 келі: Абылайхан Жұбаназар; 
81 келі: Әділет Алмат;
90 келі: Айдар Арапов; 
100 келі: Марат Байқұмаров; 
100 келі: Нұрлыхан Шархан;
+ 100 келі: Ғалымжан Қырықбай.
Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, аталған бәсекеге еліміздің дзюдодан әйелдер құрамасы бармайды.
Айта кетейік, Франция астанасынан кейін Үлкен дулыға турнирі ақпанның айының соңында Ташкент қаласында өтеді.

29 қаңтар 2026 ж. 35 0