Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Grand Slam жарысында Қазақстан дзюдошысы қола жүлдегер атанды

Grand Slam жарысында Қазақстан дзюдошысы қола жүлдегер атанды


Францияның бас шаһары Парижде өтіп жатқан Grand Slam жарысында Ұлттық құрама дзюдошысы Нұрлыхан Шархан қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz министрлікке қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол жүлде жолында швейцариялық Айх Даниэльден басым түсті. Нұрлыхан Шархан іріктеу кезеңінде өз тобынан суырыла озды. Алғашқы айналымда америкалық Натаниэль Киваны, одан кейін әлем рейтингінде үшінші орнында тұрған нидерландылық Майкл Коррелді ұтты. Ширек финалда серб спортшысы Александр Куколды қосымша уақытта вазари ұпайымен ұтып, жартылай финалға шықты.
Жартылай финалда екі дүркін әлем чемпионы Николоз Шеразадишвилимен (Испания) кездескен ол қарсыласына есе жіберді.
Айта кетсек, Grand Slam жарысына әлемнің 107 елінен 621 дзюдошы қатысып жатыр. Жарыс жеңімпазына әлемдік рейтингте 1 000 ұпай, ІІ орынға – 700, ал ІІІ орынға 500 ұпайдан қосылады.
egemen.kz
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
05 ақпан 2024 ж. 258 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031