Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «СЕМІЗБАЙ-У» ЖШС ЖҰМЫСШЫЛАРЫНА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

«СЕМІЗБАЙ-У» ЖШС ЖҰМЫСШЫЛАРЫНА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының аумақтық өкілдері Мұрат Тұрабаев, Насырбек Мырзабеков, Әшім Оразбекұлы, Дана Аман, Мұқанбетжан Салқынбаев, Даурен Досмағанбетов, Қанат Сәулебеков және Ержан Әбдешов «СЕМІЗБАЙ-У» ЖШС-нің жұмысшыларымен кездесу өткізді.



Кездесудің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасының мазмұнын еңбек ұжымына жан-жақты түсіндіру, оның қоғам өміріндегі маңызы мен артықшылықтарын кеңінен насихаттау болды. Жаңа конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, заң үстемдігін қамтамасыз етуге айрықша мән берілгені айтылды. Сонымен қатар, әлеуметтік әділеттілік, тең мүмкіндіктер қағидаты, еңбек адамының мәртебесін арттыру, қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыру және әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту мәселелері қамтылғаны түсіндірілді. Кездесу барысында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, қоғам мен билік арасындағы кері байланысты нығайту, азаматтардың шешім қабылдау үдерістеріне қатысу мүмкіндігін кеңейту бағытындағы өзгерістер де сөз болды.

Кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Әсіресе, еңбек қатынастары, әлеуметтік тұрақтылық және өңірлік даму мәселелері бойынша пікір алмасу өрбіді.

Кездесу қорытындысында қатысушылар жаңа Конституция жобасының ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтіп, алдағы жалпыхалықтық референдумға белсенді қатысуға дайын екендіктерін жеткізді.
Мұндай ақпараттық-түсіндіру шаралары халықпен тікелей байланыс орнатуға, конституциялық реформалардың мәнін кеңінен түсіндіруге және азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған.

#референдум2026
#жаңаКонституция
#АтаЗаң
#15наурыз
26 ақпан 2026 ж. 67 0