Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ХАЛЫҚ ТАҢДАУЫ, ЕЛ БОЛАШАҒЫ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ХАЛЫҚ ТАҢДАУЫ, ЕЛ БОЛАШАҒЫ

№47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінде аумақтық коалиция өкілдері Жібек Баймұратова, Қанат Жүсіпов, Мәден Әлжанов, Сәбитхан Досанов, Сәуле Нұрманова, Ержан Әбдешов ұстаздармен кездесіп, жаңа конституция жобасын талқылады.

Кездесудің басты мақсаты қоғам мүшелерін жаңа Конституция жобасының мазмұнымен кеңінен таныстыру, ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге саналы түрде қатысуға шақыру. Жиын барысында жаңа конституция жобасының негізгі бағыттары жан-жақты түсіндіріліп, құжаттың ел дамуы үшін маңыздылығы кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту, әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын орнықтыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және құқықтық мемлекетті нығайту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, азаматтардың референдумға белсенді қатысуының маңыздылығы жайында сөз болды.

Аумақтық коалиция мүшесі Қанат Жүсіпов: «Жаңа Конституция жобасында сот жүйесі мен адвокатура институтына қатысты нормалардың айрықша маңызға ие. Құжатта сот билігінің тәуелсіздігін күшейтуге, әділ сот төрелігін қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауға бағытталған тетіктер нақты көрсетілген. Адвокаттардың кәсіби қызметіне кепілдіктер беру, қорғау құқығын кеңейту және заң көмегінің қолжетімділігін арттыру мәселелері жан-жақты қамтылған. Бұл өзгерістер құқықтық мемлекетті нығайтып, қоғамдағы әділдік қағидаттарын орнықтыруға және әрбір азаматтың заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады», - деп атап өтті.

Педагогтар құқықтық сауаттылықты арттыру, жас ұрпақты елжандылық пен азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу мәселелеріне ерекше тоқталды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, ұстаздар тарапынан қойылған сауалдарға коалиция өкілдері нақты жауап беріп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
23 ақпан 2026 ж. 80 0