Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІК ЖӘНЕ ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕПІЛДІК

ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІК ЖӘНЕ ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕПІЛДІК

Аумақтық коалиция өкілдері Қабілеш Бекішев, Қалмырза Қасымов, Ержан Жорабеков, Азамат Қали және Нұрсұлтан Сапарбаев әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесіп, жаңа конституция жобасының негізгі бағыттары жан - жақты түсіндірді.



Аталған конституция жобасында әлеуметтік әділеттілік және тең мүмкіндіктер – барлық азаматтар үшін білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларында тең құқықтар қамтамасыз етіледі. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен осал топтарды қолдау – инклюзивті ортаны қалыптастыру және әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту мәселелері қарастырылады. Мемлекеттік органдардың жауапкершілігі мен ашықтығы – «Мемлекет адам үшін» қағидаты нақты жүзеге асырылып, мемлекеттік қызмет сапасы мен есептілік күшейтіледі. Қоғамдық қатысу тетіктерін дамыту – азаматтардың мемлекеттік шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндіктері кеңейтіліп, қоғамдық бақылау институттары жетілдіріледі. Кездесу барысында әлеуметтік сала қызметкерлері сұрақтарын қойып, ашық диалог форматында өткен іс-шара қатысушыларға жаңа Конституция жобасының мәні мен маңыздылығын нақты түсінуге мүмкіндік берді.

«Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық жүйесін нығайтып, азаматтардың құқықтарын қорғауға, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге және елдің тұрақты дамуына бағытталған стратегиялық құжат болып табылады. Қабылданатын Конституция жобасы – еліміздің даму бағытын айқындайтын, қоғамның келешек құқықтық‑әлеуметтік негізін құрайтын маңызды құжат. Оның маңыздылығы бірнеше негізгі бағыттарда көрініс табады» – деді аумақтық коалиция мүшесі Қабілеш Бекішев.

Коалиция мүшелері халық пікірі реформалардың басты тірегі екенін айтып, мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасатынын хабарлады.
20 ақпан 2026 ж. 357 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (9402).

13 мамыр 2026 ж.

№34 (9401).

09 мамыр 2026 ж.

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031