Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 10 жылдың белесі

10 жылдың белесі

Сәрсенбі күні «Арман» кенттік мәдениет үйінің құрылғанына 10 жыл толуына орай «Мәдениет. Өнер. 10 жыл» атты мерекелік іс шара өтті.
Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков құттықтау сөзінде: «Мемлекет басшысы – «Мәдениет – ұлттың төлқұжаты. Жаһан жұрты елімізді, ең алдымен, өнеріміз арқылы танып біледі. Біз – Ұлы далада тамыр жайған бірегей мәдениеттің заңды мұрагеріміз. Қазақ жерінен шыққан қайталанбас өнер иелерінің теңдессіз туындылары тұтас ұлтты тәрбиеледі. Қазір төл мәдениетіміз дүние жүзіне танылып жатыр. Талантты музыканттарымыз әлемдік сахналарда табысты өнер көрсетіп жүр» деп атап өтті.
Бұл тұрғыда ауданда көптеген ілкімді іс атқарылып, мәдениет қызметкерлерінің құрметі артып келеді.
«Арман» кенттік мәдениет үйінің ұжымы 10 жылдық мерейтойын толағай табыстармен қарсы алып, өңірдің рухани дамуына өлшеусіз үлес қосып жүр».
Бұдан кейін аудан әкімі «Арман» мәдениет үйінің бір топ қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады.
Мәдениет ошағының тарихына арналған «Үш дәуірдің куәсі» атты кітаптың лентасын қию құрметіне аудан әкімі Айтбай ­Жандарбеков, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Әлмырза Ноғайбаев, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Нәйла Палымбетова, Шиелі кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Күлімбетов ие болды.
Өте жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған мерекелік концертте ауданның мәдениет майталмандары, әр түрлі үйірмеге қатысушы оқушылар көрермендердің қошеметіне бөленді.
10 жылдық мерекенің атап өтіліуіне «Шолпан ана» шаруа қожалығының төрағасы Қанат Сәулебеков, «Алтын Дән Шиелі» шаруа қожалығының төрағасы Асқар Бердібаев, «Кемикал қазақстандық мұнай-химикалық компаниясы» ЖШС Қызылорда облыстық филиалының басшысы Алтынбек Құлахметов, «Аригок» тәттілері өнімдерінің басшысы Арайлым Бағдатқызы, «Азамат» маталар дүкенінің иесі, кәсіпкер Мұқтар Тұрғановтар демеушілік жасап, мәдениет саласының дамуына айшықты үлес қосты.
Сонымен қатар «армандықтарға» аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Нәйла Палымбетова, Б.Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінің атынан Роза ­Мизамбаева, Алғабас, Байсын ауылдық мәдениет үйлерінің директорлары Кенжебай Жүсіп пен Гүлшат Әбдімомынова өз қошеметтері мен ілтипатын көрсетіп, сый-сияпат жасады.
Өз кезегінде «Арман» кенттік мәдениет үйінің директоры Нұргүл Шалекеева мерекелік іс-шараға қатысып, рухани дамуымызға өз үлесін қосқан жерлестерімізге ризашылығын білдірді.

М.Кеңесұлы
09 ақпан 2026 ж. 33 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№10 (9377)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (9376)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (9375)

31 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728