ЖАҢА ЖЫЛДА – ЖАҢА НЫСАН, ЖАҢА НЫШАН
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Аймақтар қуатты болса, бүкіл мемлекет өсіп-өркендейді» деген болатын. Ел Президентінің, Үкіметтің Сыр өңіріне деген жан-жақты қолдауымен бүгінгі күні өңірде ауқымды жобалар жүзеге асып, ел игілігі үшін жаңа нысандар бой көтеруде. Еліміз жалпы ішкі өнімнің өсу үлесі бойынша Орта Азия мемлекеттері ішінде көш басында тұрса, Қызылорда облысы экономиканың түрлі салаларында дамудың оң серпінін қалыптастырды. Бұл тұрғыда киелі мекен Шиелі ауданының да үлес салмағы жоғары.Шиелі – бүгінде өндірісі өркендеп, құрылысы қарқынды қанат жайып, әлеуметтік-экономикалық дамудың даңғыл жолында келе жатқан аудан. Қасиетті топырағы құнарлы, шөбі шүйгін, жұрты жайсаң ел. Бір сөзбен айтқанда, құт-береке дарыған, ырыс-баққа жарыған өңір. Тұмса табиғаты тамылжыған, шығысында Қаратау мұнартып, батысында сарқырап Сырдария жатыр. Ауданда ауыз толтырып айтарлықтай атқарылып жатқан жұмыстар, көрсең көзің тоятын нақты нәтижелер бар.
Жылқы жылы шиеліліктер үшін ақжолтай жаңалықтармен бастау алды. Дүйсенбі күні ауданға арнайы іс-сапармен келген облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құрылысы аяқталған нысандардың салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, өңір халқымен жүздесті. Шараға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, Мархабат Жайымбетов, Қазыбек Иса, жауапты сала басшылары, қоғам қайраткерлері мен аудан тұрғындары қатысты.
ТАҚТАЙДАЙ ТЕГІС ТАС ЖОЛ
Алдымен Нұрлыбек Машбекұлы Шиелі –Тайқоңыр тас жолының күрделі жөндеу жұмысымен танысты.
Алдымен Нұрлыбек Машбекұлы Шиелі –Тайқоңыр тас жолының күрделі жөндеу жұмысымен танысты.
Жоба құны 2,5 млрд теңгені құрайтын жолдың ұзындығы 13 километр, ені 7 метр. Күрделі жөндеу жұмысы «KAP LOGISTICS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тапсырысы аясында қаржыландырылып, құрылысын «АРК STORY GROUP» ЖШС сапалы етіп жүргізген.
Жаңа нысанды аудан әкімі Айтбай Жандарбеков таныстырып, баяндады.
Шарада аймақ басшысы күрделі жөндеуден өткен жолды қарапайым халық үшін тегін, ал ауыр жүк көлігімен тас таситын зауыт, мекемелер үшін ақылы ету керек екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ жол жөндеу жұмысына демеушілік жасаған «KAP LOGISTICS» ЖШС-на алғаусыз алғыс білдіріп, жұмыстарына толағай табыс тіледі.
КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Әрі қарай аймақ басшысы Н.Нәлібаев Еңбекші ауылдық округіне қарасты, Қосүйеңкі елді мекенінде қуаттылығы 40 МВт құрайтын күн электр станциясын іске қосу рәсіміне қатысты.
Әрі қарай аймақ басшысы Н.Нәлібаев Еңбекші ауылдық округіне қарасты, Қосүйеңкі елді мекенінде қуаттылығы 40 МВт құрайтын күн электр станциясын іске қосу рәсіміне қатысты.
Электр энергиясы – бүгінгі таңда басты қажеттілік екені белгілі. Технологияның дамуының тарихи кезеңдерінен бастап бүгінгі күнге дейін электр энергиясы біздің күнделікті өміріміздің негізгі элементіне айналды. Ол көптеген өнеркәсіптік салалардың жарығын, жылуын, ұтқырлығын және жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Электр қуатынсыз өндіріс, көлік, медициналық мекемелер тоқтайды. Цифрландыру мен электромобильдерді пайдаланудың артуы жағдайында электр энергиясының рөлі одан да маңызды бола түсуде.
Осы жағдайды жақсарту үшін соғылған күн электр станциясының құрылысын инвестор «Тесис» ЖШС-нің 11,5 млрд теңгеге жүргізген.
Іс-шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жиналған қауымға жаңа нысанның сәтті аяқталуымен құттықтап, құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуіне атсалысқан бірқатар азаматтарға Алғыс хат табыс етті.
– Құрметті жерлестер! Барлықтарыңызды жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауының, ұтымды ұйымдастырудың, бірлесе атқарған жұмыстың арқасында аймағымыз толайым табыстармен, жарқын жетістіктермен дамып келеді. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы орындамыз. Жұмыс бағыты негізінен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуды, жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды көздеді.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы аймағымызға арнайы жұмыс сапарымен келіп, облыстың даму қарқынына, атқарған жұмыстарымызға оң бағасын берді. Бұл – бәріміз үшін зор мәртебе.
Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды құру жолында еңбек ырғағын бір сәтке баяулатпаған жерлестеріміз бекем бірлік пен тату тірліктің, жасампаз жігер мен ерен еңбектің үлгісін көрсетіп келеді. Облыс бюджеті 2021 жылдан бері 246 пайызға өсті. Облысымыз барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы орындарға тұрақтады. Жаңа заманауи ғимараттар, әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар, тұрғын үйлер бой көтеріп, жолдар, көпірлер, парктер мен саябақтар салынды. «Таза Қазақстан» акциясының аясында қалалар мен ауылдар жаңа келбетке ие болды, – деді аймақ басшысы.
Сонан соң салтанатты түрде күн электр станциясын іске қосты.
ЖАҢА ҚОНЫС– ЖАҚСЫЛЫҚ БАСТАУЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтардың баспана мәселесін шешу қажеттігін айта келе: «Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қолдау көрсету – біздің басты міндетіміз. Үй кезегінде тұрған азаматтардың баспана мәселесін шешу үшін мемлекеттік қолдауды күшейтіп, тұрғын үй құрылысы мен оның қолжетімділігін арттыру қажет. Әсіресе көпбалалы отбасыларға, мүгедектігі бар жандарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударып, олардың баспанаға қол жеткізуіне барынша жағдай жасауымыз керек» – деп Үкіметке тапсырма берген болатын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтардың баспана мәселесін шешу қажеттігін айта келе: «Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қолдау көрсету – біздің басты міндетіміз. Үй кезегінде тұрған азаматтардың баспана мәселесін шешу үшін мемлекеттік қолдауды күшейтіп, тұрғын үй құрылысы мен оның қолжетімділігін арттыру қажет. Әсіресе көпбалалы отбасыларға, мүгедектігі бар жандарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударып, олардың баспанаға қол жеткізуіне барынша жағдай жасауымыз керек» – деп Үкіметке тапсырма берген болатын.
Өз үйіңе қол жеткізу – жаңа, жарқын өмірдің бастамасы екені анық. Президент тапсырмасына сәйкес соңғы жылдары ауданда тұрғын үй құрылысы жұмыстары жанданып, үй кезегіндегі азаматтар баспанаға қол жеткізді.
Шиелі ауданына жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әлеуметтік осал топтағы азаматтарға, сондай-ақ көпбалалы және толық емес отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі санатындағы отбасылар үшін салынған 30 пәтерлік 15 жаңа тұрғын үйдің кілтін иелеріне табыстады.
Аймақ басшысы Жаңа жылда жаңа баспанаға ие болған тұрғындарға ізгі тілегін арнады. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерге тоқталды.
Іс-сапар соңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аудан әкімі Айтбай Насриддинұлына негізгі басым салалардағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруды және халықтың игілігіне қажетті шараларды қарқынды жүргізуді тапсырды.
Мейіржан ИБРАГИМОВ








