Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ КЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЕРКІН ФОРМАТТА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

АУДАН ӘКІМІ АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ КЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЕРКІН ФОРМАТТА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аудан әкімі Айтбай Жандарбеков Шиелі кенті тұрғындарымен кездесу өткізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Аймақтар қуатты болса – бүкіл мемлекет өсіп-өркендейді» деп атап өткен болатын. Осыған орай, кездесу барысында аудан әкімі Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауы, сондай-ақ облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың бастамалары аясында ауданда жүзеге асырылып жатқан және алдағы кезеңге жоспарланған әлеуметтік-экономикалық бағыттағы ауқымды жобаларға кеңінен тоқталды.
Ашық диалог форматындағы кездесу кенттің екі бөлігінде өтті. теріскей беттегі №219 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте және аудандық Б.Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде.
Жыл басынан бері Шиелі кентінде бірқатар маңызды нысандар пайдалануға берілді. Атап айтқанда: Руханият орталығы, 200 орындық “Оқушылар үйі”, 50 орындық “Өнер мектебі”, Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған 30 төсектік жұқпалы аурулар бөлімшесінің жаңа ғимараты, №219 Ы.Алтынсарин атындағы мектептің күрделі жөндеуден өтуі, Көпқабатты тұрғын үйлердің халық игілігіне берілуі, Ауданаралық аурухана жанынан Үкіметтің резервтік қоры есебінен МРТ қондырғысына арналған қосымша корпус құрылысы, “Болашақ” дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеуден өтуі, «Ауыл аманаты» жобасы аясындағы кәсіпкерлік нысан,Теріскей бетте Дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Шиелі аудандық электр торабының жаңарту жұмыстары жүзеге асты.
Сонымен қатар ауданның негізгі инфрақұрылымдары жаңартылып, бірнеше абаттандыру жобалары жүзеге асуда. Халыққа қызмет көрсету орталығының алды толық абаттандырылып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырылды, Руханият орталығының алды абаттандырылып, заманауи субұрқақ орнатылды, Орталық аурухана жанынан «Денсаулық аллеясы» салынды, №244 Ы.Жақаев атындағы мектеп ауласында балалар ойын және жаттығу алаңы орнатылды, Дәулеткерей көшесінде 480 метрді қамтитын қоршау жұмыстары жүргізілді, бірқатар тұрғын үй қасбеттері жаңартылды, Аудандық маңызы бар «Самара–Шымкент» тас жолы жөнделді, сондай ақ Кент ішілік маңызды көшелерге күрделі жөндеу жүргізілуде.
Әрбір тұрғындар көтерген сұрақтарға аудан басшысы Айтбай Жандарбеков аса мән беріп, сала басшыларымен бірге талқылап, шешу жолдарын нақтылады және барлық ұсыныстардың бақылауға алынатынын, жұмыстар заң аясында және кезең-кезеңімен жүзеге асатынын жеткізді.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі
09 желтоқсан 2025 ж. 37 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031