СҰЛУТӨБЕ ЖӘНЕ МАЙЛЫТОҒАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Осыған орай, аудан әкімі Айтбай Жандарбеков Сұлутөбе және Майлытоғай ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Кездесу барысында аудан басшысы аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстардың барысы және алдағы уақытта ауылдарды дамытуға арналған жоспарлар туралы тұрғындарды ақпараттандырды.
Майлытоғай ауылдық округінде ішкі жолдарға қиыршық тас (ГПС) төсеу жұмыстарына аудандық бюджеттен қаражат бөлінгені туралы мәлімдеді.
Ал Сұлутөбе ауылдық округінде инфрақұрылымды жақсарту бағытында тұрғындар интернет байланысының сапасын арттыру, аяқ судың жеткізілуі және көше жарығын орнату сынды мәселелерді көтерді. Бұл ұсыныстар бойынша аудан әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, әр мәселе кезең-кезеңімен шешімін табатынын жеткізді.
Кездесу соңында аудан әкімі тұрғындардың көтерген мәселелерін назарға алып, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, тұрғындарға өзекті мәселелер бойынша заң аясында шешімдер қабылданатынын және олардың орындалуы бақылауда болатынын жеткізді.
Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі