Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ СҰЛУТӨБЕ, МАЙЛЫТОҒАЙ, ТАРТОҒАЙ, ҚОҒАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ СҰЛУТӨБЕ, МАЙЛЫТОҒАЙ, ТАРТОҒАЙ, ҚОҒАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Нұржан Ахатовтың 2024 жылдың І тоқсанындағы халықпен кездесулері бүгін Сұлутөбе, Майлытоғай, Тартоғай, Қоғалы ауылдық округтерінде жалғасты.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен, ел Үкіметінің қолдауы және облыс әкімінің үйлестіруімен өңірдің, оның ішінде ауданның, Шиелі кентінің өсіп-өркендеуі жаңа сатыға көтерілді. Оған аудан басшысы Нұржан Сәбитұлы биылғы атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарларын таныстырғанда айрықша тоқталды.
Дегенмен, білім саласында орын алып отырған олқылықтар қаншама оң бағытта жасалған істерді жоққа шығарып, білім саласы қызметкерлерінің жеткілікті дәрежеде білім мен қатар тәрбие бере алмай отырғандығын көрсетті. Сондай-ақ, отбасында берілген тәрбие мен темірдей тәртіптің жеткіліксіздігінен нендей оқиғаларға түрткі болатындығын айқындады. Сондықтан аудан әкімі ауыл тұрғындарына ең алдымен бала тәрбиесіне баса мән беру керектігін ескертіп, «Ұрпақ тәрбиесінде кешігу дегеніміз мертігумен бірдей» екендігін баса айтты.
Мұнан соң, ауыл тұрғындары көгілдір отын, ұялы байланыс қызметтерінің сапасын арттыру, жедел-жәрдем көліктерін жаңарту сынды көкейде жүрген өзекті мәселелер бойынша сауалдарын қойды. Көгілдір отын мәселесіне қатысты аудан басшысы Тартоғай елді мекенінің тұсынан Мұстафа Шоқай автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылыс жұмыстары жүргізілгеннен кейін ғана, аталған ауылдарға көгілдір отын жүйесі тартылатындығын айтты. Жедел-жәрдем көлігіне қатысты да аймақ басшысының бастамасымен лизингке жаңа жедел-жәрдем көліктерін алу жоспарланғанын, қажеттілігіне қарай ауылдарға берілетіндігін түсіндірді. Мобильді интернет қызметінің сапасына қатысты Майлытоғай ауылдық округінде мәселе туындап, ауыл әкімі аталған мәселеге қатысты байланыс операторымен келіссөздер жүргізілгендігін, дегенмен арнайы құрылғылар орнататын мұнара табылмай тұрғандығын айтты. Нұржан Сәбитұлы бұл мәселені жеке кәсіпкерлердің көмегімен мұнара орнату арқылы шешуге болатындығын, мұнара орнатқан кәсіпкерге ай сайын қомақты ақы төлетіндігі жөнінде тұрғындарды құлақдар етіп, «өз араларыңыздан ниет білдіруші азаматтар шыққаны дұрыс деген» ұсынысын айтты.
Жиын қорытындысында тұрғындар ауданда атқарылған жұмыстарға жоғары баға беріп, ақсақалдар ақ батасын берді.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
30 мамыр 2024 ж. 133 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930