Құрылыс саласының қарқыны басым
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Аймақтар қуатты болса, бүкіл мемлекет өсіп-өркендейді» деген болатын. Ел Президентінің, Үкіметтің Сыр өңіріне деген жан-жақты қолдауымен бүгінгі күні өңірде ауқымды жобалар жүзеге асып, ел игілігі үшін жаңа нысандар бой көтеруде. Еліміз жалпы ішкі өнімнің өсу үлесі бойынша Орта Азия мемлекеттері ішінде көш басында тұрса, Қызылорда облысы экономиканың түрлі салаларында дамудың оң серпінін қалыптастырып, нәтижесінде алдыңғы орындарда төбе көрсеттік.
Бүгінде Шиелі ауданы өнеркәсіп өнімін өндіру – 134,7, өңдеу өнеркәсібі – 155,2, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 106,8, инвестициялар тарту – 143,5, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі -102,2, құрылыс жұмыстарының көлемі – 112,4 және бөлшек сауда көлемі – 105,7 пайызға артқан. Сондай-ақ аудандық бюджеттің кірістері 2024 жылға несиелерді қоса есептегенде 14 млрд 977 млн теңгеге бекітілсе, ағымдағы жылдың бүгінгі күнгі жағдайы бойынша түзетілген бюджет несиелерді және бюджет қаражатының бос қалдықтарын қоса есептегенде 17 млрд 51 млн теңгеге нақтыланып 13,8 пайызға өсім алған.
Бүгінде Шиелі ауданы өнеркәсіп өнімін өндіру – 134,7, өңдеу өнеркәсібі – 155,2, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 106,8, инвестициялар тарту – 143,5, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі -102,2, құрылыс жұмыстарының көлемі – 112,4 және бөлшек сауда көлемі – 105,7 пайызға артқан. Сондай-ақ аудандық бюджеттің кірістері 2024 жылға несиелерді қоса есептегенде 14 млрд 977 млн теңгеге бекітілсе, ағымдағы жылдың бүгінгі күнгі жағдайы бойынша түзетілген бюджет несиелерді және бюджет қаражатының бос қалдықтарын қоса есептегенде 17 млрд 51 млн теңгеге нақтыланып 13,8 пайызға өсім алған.
Ауданда денсаулық саласында да елеулі өзгерістер бар. Өткен жылы 1 млрд 285 млн теңгеге Бала би, Досбол датқа, Бұланбай бауы елді мекендеріндегі медициналық амбулаториялардың нысандары халық игілігіне пайдалануға берілген болатын.
Сондай-ақ биыл облыс көлемінде 11 дәрігерлік амбулатория құрылысын жүргізу жоспарланса, соның ішінде 5 емхана Шиелі ауданынан бой көтеруде. Сонымен қатар кенттен 30 төсектік жұқпалы аурулар бөлімі ғимаратының құрылысына «Ауылдық денсаулық сақтауды модернизациялау» Ұлттық пилоттық жобасы аясында 2,6 млрд теңге қаржының биылғы жылға 1,3 млрд теңгесі қаралып, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Ел игілі үшін Шиелі кентінде көп бейінді орталық аудандық аурухана ғимаратына блок қосып, МРТ құрылысын орнатуға 733 млн теңге бөлінген.
Биыл «Алаштың анасы» атанған киелі Сыр өңірінде «Руханият жылы» деп жарияланды. Осыған сәйкес, өңірімізде өнер мен мәдениет саласында серпінді, жаңа жобалар жүзеге асуда. Осы жұмыстарды жүйелі, әрі тұрақты негізде, бір орталықтан жүргізу мақсатында ауданымызда музей, кітапхана, мұрағат, неке қию залы, ардагерлер және аналар, жастар орталықтарын біріктіретін, типтік үлгідегі «Руханият» орталығына аймақ басшысының қолдауымен 1 млрд 624 млн теңге бөлініп, жыл соңына дейін қолданысқа беріледі.
Өңірімізде соңғы жылдары мемлекеттік бағдарламалар қарқынды жүргізіліп, әлеуметтік-экономикалық дамуына «Ауыл аманаты», «Ауыл – ел бесігі» сияқты жобалар құрылыс саласына тың серпіліс беруде. «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде республикалық бюджеттен жобалық құны 363,2 млн теңгені құрайтын Шиелі кентінде салынатын спорт комплексінің құрылысын бастауға 50 млн теңге, жобалық құны 460, 6 млн теңгені құрайтын Бестам ауылында 150 орындық клубтың құрылысына 50 млн теңге бөлініп, бүгінде жұмыстар қарқынды бастау алды. Сондай-ақ әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына арналған тұрғын үйлер салынуда.
Өткен жексенбі күні, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, облыс әкімі аппаратының басшысы Әділхан Мұхамедияров, Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков және жауапты сала басшылары аудандағы құрылыс нысандарын аралады.
Ең алдымен Алмалы ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулаторияның құрылыс барысымен танысты. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясындағы дәрігерлік амбулатория құрылысы маусым айында бастау алған. Аймақ басшысының тапсырмасы бойынша келген құрам өкілдері, жуық арада ел игілігіне берілетін нысаннның құрылысы сапалы әрі уақыты аяқталуын тапсырды.
Өңірде осы жылы атқарылған ауқымды жобалардың құрылысымен танысуға келген сала басшылары, аудан орталығының «Ақ орда» мөлтек ауданындағы ипотекалық тұрғын үйлердің салыну сапасын тексеріп, оң бағасын берді. Құрылысы аяқталуға жақын бұл жердегі 122 пәтерлік тұрғын үйлер әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін сатып алынған.
Биылғы «Руханият жылында» Қызылорда облысының өнер және мәдениет саласында жаңа жобалар жүзеге асыру жоспарланғаны белгілі. Облыстың барлық аудандарында 11 млрд 500 млн теңгеге тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалары бар «Руханият» орталықтары салынуда. Шиелі ауданындағы бұл орталық жыл соңында іске қосылады. Қазіргі таңда ішкі және сыртқы сылақ, әрлеу, шатырын жабу жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, облыс әкімі құрылыстың сапасына баса мән беріп, жұмысты уақытылы аяқтауды үнемі қатаң тапсырып келеді. Сондай-ақ егер кемшілік орын алған жағдайда, мердігер мекемелер есебінен қалпына келтірілетінін ескерткен болатын.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, өңірдегі құрылыс барысымен танысуға келген жұмысшы топ кенттегі санитарлқ тазалық, абаттандыру және көркейту жұмыстарына оң бағасын беріп, бұл жұмыстарды әрі қарай күшейтуді ұсынды.
М.Ибрагимов